16.01.2008, 17:40 3125

Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады

Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады

Бішкек. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қырғыз Темир Жолы" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытайдың шекарасындағы "Достык" станциясы мен Қырғызстандағы "Аламедин" станциясының арасыда контейнер поездерінің жаңа теміржол бағыты ашылған.

"Бұрын Қытайдан жеткізілетін жүктер негізінен автокөліктермен тасымлданатын, енді жүктердің негізгі ағымы республика аумағына теміржол арқылы тасымалданатын болады. Мұндай жағдайда тасымалдау мерзімі мен оның бағасы үш есеге дейін арзандайды, бұл бірінші кезекте жүк тасымалдаушылар үшін пайдалы және де тасымалданатын тауардың өзіндік құнына да әсер етеді",- деп хабарлады "Қырғыз Темир Жолы" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны