15.01.2018, 16:05 6349

Қытайға экспортталатын қазақстандық газ көлемі жылына 10 млрд текше метрге жеткізіледі

Кездесу қорытындысы бойынша Қытайға газ экспортын жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайту туралы уағдаластық жасалды. Тараптар газ инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажеттігін және жұмыс істеп тұрған газ магистралдарыныӊ өткізу қабілетін арттыру бойынша ортақ көзқарас білдіріп, бірлескен кеӊесулер өткізуге келісті.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) және Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (бұдан әрі -ҚҰМК) бұған дейін екі мемлекет басшылары қол қойған келісімді орындау шеӊберінде екі жақты келіссөздер жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қытайға газ экспортын жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайту туралы уағдаластық жасалды. Тараптар газ инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажеттігін және жұмыс істеп тұрған газ магистралдарыныӊ өткізу қабілетін арттыру бойынша ортақ көзқарас білдіріп, бірлескен кеӊесулер өткізуге келісті.

Қытай корпорациясы қазақстандық газды жеткізу туралы келісімніӊ орындалу барысын жоғары бағалады.Сонымен қатар 2019 жылдыӊ аяғына дейін "Қазақстан-Қытай" МГҚ "А" және "В" екі тармағыныӊ қуатын кезеӊ кезеӊмен ұлғайтуға шешім қабылданды.

Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауды кеӊейту үшін жаӊа компрессорлық станцияларды салу және қолданыстағыларын жаӊғырту есебінен "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ қуатын ұлғайту жоспарлануда.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ вице-президенті Қ.Шәріпбаев қазақстандық газды Қытай Халық Республикасына жеткізудіӊ стратегиялық маӊыздылығын атап өтті. Оныӊ пікірінше, Қазақстанныӊ газ тасымалдау жүйесі газ тасымалы мен экспортты кеӊейтуге дайын екенін айтты. - "Қазақстандық газдыӊ Қытайға экспорты екі мемлекет басшыларыныӊ уағдаластықтары мен бірлескен жобаларды дамытуға және іске асыруға ықпал ететін екі ұқсас "Нұрлы жол" және ""Бір белбеу - бір жол" Қазақстан мен Қытай бағдарламаларыныӊ арқасында мүмкін болды" - деп мәлімдеді.

Қытай тарабы қазақстандық газды шығысқа экспорттау ісін ұйымдастыруғажәнеәріптестік деӊгейіне жоғары баға беріп отыр. Қазақстандық газдыӊ Аспан асты еліне экспорты 2017 жылғы 15 қазанда басталған болатын.

2017 ж қорытындысы бойынша "Орталық Азия - Қытай" трансұлттық газ құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалданған ортаазиялық елдердіӊ газ көлемі 13,4 %-ға артып, 38,7 млрд текше метрге жетті. 2009 жылы іске қосылғалы бері осы халықаралық газ құбыры арқылы Қытайға тасымалданған газ көлемі 203 млрд текше метрден асып түсті. Деп хабарлайды "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны