11.08.2017, 19:03 4763

Қытайлық инвесторлар Қарағанды облысында жарылғыш заттарды өндіретін зауыт құруды жоспарлап отыр

- Бірлескен компания құрылды. Жарылғыш заттарды өндіру зауытыныӊ құрылысы бойынша жоба "Сарыарқа" ИЭА енеді. Бұл шамамен 16 млрд теӊге инвестиция. 200 астам жұмыс орны құрылады,-деді Ғалымжан Жұмасұлтанов брифингте. - Келіссөздер кезеӊі өтті. Енді құжаттарды даярлау және рәсімдеу жұмыстары басталғалы жатыр.

Қарағанды. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Қытайлық инвесторлар Қарағанды облысында жарылғыш заттарды өндіретін зауыт құруды жоспарлап отыр.

Қарағанды облысында "Сарыарқа" ИЭА аумағында жарылғыш заттарды шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Аймаққа қызығушылықты Қытайдыӊ Юньян провинциясыныӊ инвесторлары танытып отыр. Бұл жоба туралы Астанада өткен қазақ-қытай бизнес-формуында айтылды. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ индустриялық-инновациялық даму және өндіріс басқармасыныӊ басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов хабарлады.

- Бірлескен компания құрылды. Жарылғыш заттарды өндіру зауытыныӊ құрылысы бойынша жоба "Сарыарқа" ИЭА енеді. Бұл шамамен 16 млрд теӊге инвестиция. 200 астам жұмыс орны құрылады,-деді Ғалымжан Жұмасұлтанов брифингте. - Келіссөздер кезеӊі өтті. Енді құжаттарды даярлау және рәсімдеу жұмыстары басталғалы жатыр.

Оныӊ сөзінше, бүгінде жер телімі де таӊдалып қойған.

- ҚР инвестициядар және даму министрлігіӊ инвестициялар бойынша комитетінен компания ИЭА қатысушы мәртебесін алғандығын растауды күтіп отырмыз. Осыдан кейін жер телімі рәсімделіп, инвесторлар жобалық құжаттарды дайындайды,-деп қосты басқарма жетекшісі.

Бүгінгі таӊда "Сарыарқа" ИЭА қатысушы мәртебесі 11 компанияға берілген. Оныӊ аумағында бес зауыт бой көтерген. Тағы төрт жоба іске асу сатысында, екі жоба жоспарлануда.

"Сарыарқа" ИЭА металлургия және металлды өӊдеу индустриалдық паркі базасында 2011 жылдыӊ қараша айында ҚР Президетініӊ Жарлығымен құрылды.Оған қатысушылар салықтық мәндеттер - корпоративті кіріс салығы, мүлік салығы, жер салығы және қосалғы баға салығы бойынша нөл пайыздық жеӊілдіктерге ие болады.

"Сарыарқа" ИЭА құрылғаннан бері инфрақұрылымдардыӊ құрылысына салынған инвестициялар көлемі 22,9 млрд теӊгені, немесе бір теӊгеге 98 тиынды құрады.2017 жылдыӊ бірінші жарты жылдығында ондағы кәсіпорындар 6,1 млрд теӊгенініӊ өнімін өндірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны