09.12.2016, 18:12 4589

Қытайлық кәсіпкерлер Оӊтүстік Қазақстан облысында кәсіпорын ашпақшы

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында шетелдік инвесторлар әкімдік пен палата арасындағы үшжақты меморандумға қол қойды. Келісім-шартқа сәйкес қытайлық меймандар кәсіпорынды құруға 2 миллион АҚШ долларын салуға ниет білдірді, бұл қаражатқа ескі кен байыту цехы қайта жаӊғыртылады.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кентаудағы кәсіпорынға қытайлық инвесторлар 2 млн.доллар жұмсағалы отыр,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қытайлық кәсіпкерлер Оӊтүстік Қазақстан облысында кәсіпорын ашпақшы. Таяу уақыттарда Кентау қаласында тау-кен байыту цехыныӊ құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында шетелдік инвесторлар әкімдік пен палата арасындағы үшжақты меморандумға қол қойды. Келісім-шартқа сәйкес қытайлық меймандар кәсіпорынды құруға 2 миллион АҚШ долларын салуға ниет білдірді, бұл қаражатқа ескі кен байыту цехы қайта жаӊғыртылады.

"Инвестиция кезеӊ-кезеӊмен салынатын болады. Бірінші кезеӊде қажетті құрал-жабдықтар сатып алынады, екінші кезеӊде өндіріс іске қосылады, бұдан кейін жоба одан әрі іске асырылады. Тұтастай алғанда өндірілетін түпкілікті өнім - мыс пен алтынныӊ қоспасынан тұратын концентрат болмақ, мұндай концентрат металлургия саласында пайдаланылады. Сол себепті компанияныӊ өнімі өтімді болады деген үміт бар. Сонымен қатар қытайлық инвесторлар 100 жаӊа жұмыс орнын құру міндеттемесін өздеріне жүктеп алды, олардыӊ 90-ы жергілікті тұрғындар болмақ",- деп сендірді Оӊтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ орынбасары Тимур Нақыпбеков.

Бұл аталған Қытай компаниясыныӊ Қазақстанмен құрғалы отырған алғашқы ынтымақтастық жобасы болмақ, салынған қаржыны инвесторлар үш жылдыӊ ішінде ақтап алуды жоспарлаған. Олардыӊ айтуынша, кәсіпорын келесі жылы іске қосылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны