17.05.2017, 14:22 3876

Қызылорда ІІ Халықаралық интернет-форум өтеді

Интернет-форумныӊ мақсаты - отандық және шетелдік мамандарға Байқоӊыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаӊын ұйымдастыру болып табылады.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімдігі 2017 жылғы 18 мамырда сағат 15.00-де "Байқоӊырда бизнес мүмкін бе?" атты ІІ халықаралық интернет форумын" өткізуді жоспарлауда.

Интернет-форумныӊ мақсаты - отандық және шетелдік мамандарға Байқоӊыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаӊын ұйымдастыру болып табылады.

Форумға ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Төралқа Төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлы, "Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығыныӊ" өкілі, сондай-ақ, ҚХР, Тәжікстан,Түркіменстан, Беларусь, Молдова, Өзбекстан, Израиль, Ресей, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты әлемніӊ 10 елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан халықаралық компаниялар қатысады.

Интернет-форумныӊ тікелей трансляциясын Facebook және Youtobe әлеуметтік желілері арқылы көруге болады.

Интернет-форумныӊ сәтті өтуі өӊірге инвестиция тартуда және Байқоӊыр қаласында бизнесті дамытуға жаӊа мүмкіндіктер ашатынын атап өту қажет,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны