11.07.2017, 16:09 4279

Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасы жүзеге асырылмақ

2017 жылдыӊ I тоқсанында "Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату" жобасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылған

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Осыдан 3 жыл бұрын Еуропалық даму және қайта құру банкімен бірлесіп, Қызылорда қаласыныӊ тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыруға алдын - ала келісім жасалған еді.

Осыған сәйкес, 2016 жылғы қазан айында Еуропалық даму және қайта құру банкімен жобыныӊ несиелік келісім шарты жасалды. Жоба 2017 - 2020 жылдар аралығында жүзеге асады, деп хабарлайды табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ мамандары.

Жоба аясында қалдықтарды механикалық - биологиялық өӊдеу бойынша кешендерініӊ құрылысы, жаӊа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою және тиісті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.

2017 жылдыӊ I тоқсанында "Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату" жобасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны