20.06.2017, 19:40 7363

Қызылорда қаласыныӊ орталық алаӊында "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" облыстық көрме байқауы өтеді

22 маусым күні сағат 9.00-де Қызылорда қаласыныӊ орталық алаӊында облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасыныӊ ұйымдастыруымен "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" облыстық көрме байқауы өтеді.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - 22 маусым күні сағат 9.00-де Қызылорда қаласыныӊ орталық алаӊында облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасыныӊ ұйымдастыруымен "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" облыстық көрме байқауы өтеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметініӊ белсенділігін арттырып, отандық тауарлар сапасын көтеруді және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті өнімге толтыруды мақсат еткен байқауға аймақ тауар өндірушілері қатысады.

Олар "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациялары бойынша бақ сынайтын болады.

Жеӊімпаздар Астана қаласында "EXPO - 2017" шарасы аясында өткізілетін республикалық байқауға жолдама алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны