15.06.2017, 13:54 2634

Қызылорда облысы Арал ауданыныӊ Бөген ауылдық округінде мал басын асылдандыруға ден қойғандар бар

Биыл "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы "Арал ырысы" шағын несие серіктестігінен 10 млн. теӊге несие алған кәсіпкер 2 асыл тұқымды бұқа, 60 бас сиырды өріске айдап, екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Соӊғы жылдары мал шаруашылығы саласын қолдау артып, бұл бағытта кәсіп бастағандар көбейіп келеді. Қызылорда облысы Арал ауданыныӊ Бөген ауылдық округінде де мал басын асылдандыруға ден қойғандар бар.

Мұндағы жұртшылықтыӊ бірқатары теӊіз тереӊінен су маржанын сүзіп, балықшылық кәсіптен нәпақа тауып жүр. Ал мал басын еселеуге ден қойған ауыл тұрғыны Марат Андызбаев осыдан 3 жыл бұрын "Биқожа" шаруа қожалығын құрды. Биыл "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы "Арал ырысы" шағын несие серіктестігінен 10 млн. теӊге несие алған кәсіпкер 2 асыл тұқымды бұқа, 60 бас сиырды өріске айдап, екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны