20.06.2017, 22:45 9378

Қызылорда облысы Арал қаласындағы жеке кәсіпкер түйе жүнінен өнімдер шығаруды да жоспарлап отыр

"Өӊірлік инвестициялық орталығы" ЖШС арқылы үш миллион теӊге несие иеленіп, Арал қаласынан жеке кәсіпкерлігін ашқан, өз қаражатына жер алып, ғимарат тұрғызған Индираныӊ еӊбегі кім-кімге де үлгі.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Ин мен жырға төрін берген өӊір тігіншілік өнерден де кенде емес. Аралда тігінді нәсіп етіп, жұртқа да жұмыс тауып беріп отырған кәсіпкерлер бар. Соныӊ бірі - Индира Жұмашова. Қазіргі таӊда он адамды жұмыспен қамтыған іскер жанныӊ қолынан келмейтіні жоқ.

"Өӊірлік инвестициялық орталығы" ЖШС арқылы үш миллион теӊге несие иеленіп, Арал қаласынан жеке кәсіпкерлігін ашқан, өз қаражатына жер алып, ғимарат тұрғызған Индираныӊ еӊбегі кім-кімге де үлгі. Осынау тігін цехында перделер, қыздыӊ жасауы, киім-кешек, басқа да әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар тігіледі. Тапсырыстар қабылдайды.

"Келісіп пішкен тон келте болмас" демекші, кәсіпкердіӊ басты демеушісі жары - Ғабиден Жұмашев. Ирдайым талабын қолдап, кәсібін жандандыруға қол ұшын созатын отағасына жарыныӊ да айтар алғысы шексіз. Индираныӊ тігін цехы алдағы уақытта түйе жүнінен өнімдер шығаруды да жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны