30.11.2017, 14:12 12566

Қызылорда облысы бюджетініӊ 67%-ы әлеуметтік салаларға бағытталған

2017-2019 жылдарға арналған Қызылорда облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - 2017-2019 жылдарға арналған Қызылорда облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс 16-сессиясы өтті. Оған облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Қ.Ысқақов қатысты.

Алдымен тұрақты комиссиялар мен "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясыныӊ бірлескен отырысында депутаттар бюджеттегі қосымша қаржыны, сатып алулардан үнемделген ақшаны қайта бөлуді талқылады.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасыныӊ басшысы С.Құлымбетованыӊ айтуынша, қосымша 2,5 млрд теӊге Қызылорда жылу электр орталығына мазут алуға, "Қазсушар" РМК "Арал" салынып жатқан құрылыстар кәсіпорны филиалыныӊ қызметін субсидиялауға бағытталмақ. Оған қоса Шиелі және Арал аудандық орталық ауруханалары, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үй құрылыстарына жұмсалады.

Сессия қорытындысында облыстық бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мақұлданды.

Бүгінгі күні аймақ бюджеті 220 млрд теӊге болса, оныӊ 67 пайызы әлеуметтік саланыӊ мәселелерін шешуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны