18.07.2017, 21:44 5123

Қызылорда облысы бойынша 23355 тонна күріш тұқымы себілді

Биыл көктемгі егіс науқанында Қызылорда облысы бойынша 23355 тонна күріш тұқымы себілді, деп хабарлайды облыстық ауылшаруашылық басқармасы.

Қызылорда. 18 шілде. Kazakhstan Today - Биыл көктемгі егіс науқанында Қызылорда облысы бойынша 23355 тонна күріш тұқымы себілді, деп хабарлайды облыстық ауылшаруашылық басқармасы.

Басқарма есебінше құйылған күріш тұқымыныӊ 9,6 тоннасы (0,04%) көбейтілген тұқым, 68,8 тоннасы (0,3%) супер элита, 848,1 тоннасы (3,6%) элита, 8308,5 тоннасы (35,6%) І репродукциялы тұқым, 9746 тоннасы (41.7%) ІІ репродукциялы тұқым, 3024 тоннасы (12,9%) ІІІ репродукциялы тұқым, 1300 тоннасы (5,5%) ІV репродукциялы, 50 тоннасы (0,1%) қатардағы тұқым болып отыр.

Тұқым шаруашылықтарыныӊ беріп отырған мәліметтеріне сәйкес 2017 жылдыӊ егісіне дайындалған жоғары репродукциялы 19 мыӊ тонна күріш тұқымы бар, оныӊ 6495 тоннасы шаруашылықтарға сатылды.

Сонымен қатар биыл сорт жаӊарту, сорт алмастыру мақсатында Ресейдіӊ Краснодар өлкесінен жоспарланған 300 тонна элиталық күріш тұқымыныӊ 134 тоннасы "Агро Холдинг Байқоӊыр" ЖШС-не жеткізілді.

"Казагрэкс" сараптамалық зертханасыныӊ мәліметі бойынша ақ егіске дайындалған тұқымдардыӊ ішінде күздік бидай тұқымы түгел кондицияға жеткізіліп себілген. Жаздық бидай тұқымы 684,3 тонна (100%), арпа тұқымы 218,4 тонна (100%), сұлы тұқымы 10,2 тонна (100%), жүгері тұқымы 2,6 тонна (100%), жоӊышқа тұқымы 140,7 тонна (100%), түйе жоӊышқа тұқымы 4,9 тонна (100%), мақсары тұқымы 108,72 тонна (100%) себу дәрежесіне жеткізілді. Қазіргі таӊда шаруашылықтар бойынша себу дәрежесіне жеткізілмеген күріш дақылы тұқымын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тұқымдық және көшеттік материалдыӊ сорттық және себу сапасын анықтау мақсатында 4 930 416 теӊге игеріліп, 2424 мәрте зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны