16.07.2014, 22:39 3099

Қызылорда облысы бойынша мемлекет бюджетіне 5 млрд доллардан астам салық түсті

Қызылорда облысы бойынша биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет бюджетіне 5 млрд 901 млн доллар көлемінде салық пен кедендік төлемдер түсті.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қызылорда облысы бойынша биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет бюджетіне 5 млрд 901 млн доллар көлемінде салық пен кедендік төлемдер түсті. Бұл туралы Қызылорда облыстың Кедендік бақылау департаментінің бастығы Нұрлан Отаров Ақылдасу кеңесінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы жылдың бірінші жартысында 649 млн 371 мың АҚШ долларға жетті.

Сонымен қатар Департамент жарты жылда сыртқы экономика қызметтеріне 13 тексеріс ұйымдастырып, соның нәтижесінде бюджжетке 147 млн 843 мың теңге толтырылды. Экономикалық қылмыстар бойынша 8 қылмыстық іс қозғалып, әкімшілік құқық бұзушылықтың 91 ісі қозғалды. 2 млн 621 мың теңге айыппұл төленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны