06.06.2017, 16:32 3962

Қызылорда облысы "БЖЗҚ"АҚ-мен меморандумға қол қойды

5 маусым күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген "БЖЗҚ" АҚ-ныӊ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облыстық әкімдігі мен "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - 5 маусым күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген "БЖЗҚ" АҚ-ныӊ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облыстық әкімдігі мен "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, қор қызметкерлері облыс тұрғындарын ақпараттандыру, атап айтқанда: халықтыӊ қаржылық сауаттылығын арттыру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жүйесін жаӊғырту жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

Аймақ басшысы атап өткендей, ресми деректерге сүйенсек, Қызылорда облысы халқыныӊ саны 769,5 мыӊ адамды құрайды. Ал, 345 623 адам экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады. Оныӊ ішінде, 206 904 адам (60%) жалдамалы қызметкерлер болса, 121 647-сі (35%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны