22.02.2017, 16:56 4947

Қызылорда облысы экономикалық көрсеткіштері бойынша елімізде алдыӊғы қатардан көрініп келеді

Сыр елі соӊғы 4 жылда ел өӊірлері арасында экономикалық көрсеткіштері жөнінен алдыӊғы қатардан көрініп келеді. Бұл үлкен жетістік. Қызылорда облысы мырыш, қорғасын, уран өндіру бойынша үшінші орында.

Қызылорда. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топтыӊ мүшесі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі аудит департаментініӊ директоры Сәбит Парманқұловтыӊ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында "Қазақстан - 2050" стратегиясында көрсетілген жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған елдіӊ үшінші жаӊғыруын жариялады. Жолдау агроөнеркәсіп саласы бойынша тәуелсіз еліміз тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беріп, халқымыздыӊ игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарларға құрылған стратегиялық құжат.

- Облыс әкімініӊ бастамасымен іске асырылып жатқан игі істер жетерлік. Сыр елі соӊғы 4 жылда ел өӊірлері арасында экономикалық көрсеткіштері жөнінен алдыӊғы қатардан көрініп келеді. Бұл үлкен жетістік. Қызылорда облысы мырыш, қорғасын, уран өндіру бойынша үшінші орында. Яғни облыстыӊ металлургия саласын дамытуға мол мүмкіндігі бар деген сөз. Сондай-ақ, бұл өӊір ауыл шаруашылығыныӊ дамуында да жақсы көрсеткіштерге ие екендігі белгілі. Өӊірдегі тұрғын үй мәселесініӊ өз шешімін тауып жатқандығын соӊғы үш жылда облыс орталығында 11 шағын ауданныӊ бой көтергендігінен-ақ байқауға болады, - дейді Сәбит Шаймерденұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны