04.07.2017, 13:11 4690

Қызылорда облысы Қаратереӊ ауылындағы "Тастақ" питомнигіне 100 га жер жалға беріліп, жаӊа үлгідегі балық өсіру питомнигі салынады деп күтілуде

САРАТС-2 жобасыныӊ аясында "Тастақ" питомнигіне 100 га жер жалға беріліп, жаӊа үлгідегі балық өсіру питомнигі салынады деп күтілуде. Бұл жоба жүзеге асқанда Қаратереӊ ауылыныӊ көптеген тұрғыны жұмыспен қамтылады.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Арал ауданда шаруасын дөӊгелентіп отырған іргелі ұжымдар баршылық. "Арал балық өӊдеу зауыты" ЖШС - халықаралық стандартқа сай салынған кәсіпорынныӊ бірі. Тұтынушы талғамынан табылуды мұрат тұтқан компанияныӊ жылына 6000 тоннаға дейін балық өӊдеуге мүмкіндігі бар. Зауыттыӊ қуатты технологиялық жабдықтары балық филесін дайындауға арналған. Қазіргі таӊда мұнда 30 адам еӊбек етеді. Өндіріске қажетті балық кіші Арал теӊізінен жеткізілуде.

Осындай тіршілігі алға басқан мекеменіӊ бірі - "Арал сервистік дайындау орталығы" ЖШС балық өӊдеу зауыты. Білікті кәсіби маман, балықшылар әулетініӊ перзенті Нұрбек Ийімбетов басшылық жасайтын зауытта сапасы жоғары өнім дйындалады. Бүгінгі таӊда өӊделетін балық көлемін арттыру үшін қосымша цехтардыӊ құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорынға Кіші Арал теӊізініӊ №№10,12,14,15,17 учаскелері бекітіліп берілген. Тура 7 жыл бұрын зауыт өнімдеріне Еврокод белгісі алынған еді. Осылайша "Арал" СДО уақыт талабымен үндесіп, құлашын кеӊге жайды.

Енді сөз тізгінін елді мекендердегі балық шаруашылығымен айналысатын кәсіп иелеріне қарай бұрсақ. "Мергенсай" ауылдық округінде "Аста" ЖШС, "Бақыт" шаруа қожалығы Кіші теӊізден балық аулау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қадам теӊіз перзенттеріне бөтен болып тұрған жоқ. Ауыл тұрғындарыныӊ көпшілігі осы шаруашылықтарда маусымдық балық аулаумен айналысады, дейді олар.

Тастүбек елді мекенінде "Бақыт" шаруа қожалығы балық қабылдайтын мұздатқыш орталығын салған болатын. Нәтижесінде ауылдыӊ біршама адамы еӊбекпен қамтылды. Мұздатқыштыӊ сыйымдылығы 50 тоннаға есептелген. Осынау балық қабылдау мұздатқышына ағымдағы жылдыӊ маусымында қомақты көлемде балық қабылданды. Олардыӊ арасында көксерке, торта, қылыш, жайын, ақмарқа, табан атты балық түрлері бар. "Бақыт" шаруа қожалығыныӊ балық қабылдау мұздатқышында жеті адам тұрақты жұмыс жасаса, маусым кезінде бұл көрсеткіш еселене түседі.

Қияндағы Қаратереӊ ауылыныӊ да басты кәсібі - балық аулау. Осындағы "Қуаныш" ЖШС 46 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таӊда 600 тонна балықты сыртқа шығаруға мүмкіншілігі жетеді. Күз, көктем айларында, қыста балық тұрақты түрде ауланады. Мамырдан бастап балықтардыӊ уылдырық шашу мезгіліне орай заӊдылыққа сәйкес уақытша тыйым салынады. Нақты кезеӊде Кіші теӊізде балықтыӊ 22 түрі бар. Исіресе, көксерке балығы жиі кездеседі. Экспорт сұранысына сай тыран, сазан, торта, жайын балықтары аудандық, облыстық, республикалық деӊгейдегі сатылымға шығарылып отырады. Балық кәсіпшілігініӊ қарқындауымен Қаратереӊ ауылыныӊ әлеуметтік-экономикалық ахуалы жоғары деӊгейге көтерілді. Округке қарасты "Тастақ" бөлімшесінде өткен ғасырдыӊ орта шенінен бастап жұмыс жасайтын балық өсіру питомнигі орналасқан. Еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін аталған питомник мемлекеттік сұраныспен Балқаш, Мыӊарал, Лепсі, Қапшағай көлдеріне балық жіберетін еді. Кіші Теӊіздіӊ қайта оралуына байланысты "Тастақ" питомнигіне жыл сайын 22 млн-ға жуық майда шабақтар өсіру жоспарға сәйкес жүктелген. Қазіргі таӊда питомникте 48 адам жұмыс жасайды.

- САРАТС-2 жобасыныӊ аясында "Тастақ" питомнигіне 100 га жер жалға беріліп, жаӊа үлгідегі балық өсіру питомнигі салынады деп күтілуде. Бұл жоба жүзеге асқанда Қаратереӊ ауылыныӊ көптеген тұрғыны жұмыспен қамтылады. Ауылдыӊ әлуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайы жақсарып, халықтыӊ тұрақтануы, жастардыӊ жергілікті жерде жұмыс жасауы артады. Ауыл көлемінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында балық қабылдау, орналастыру цехын салуға "АР-Н-КОМ" ЖШС-на жер беріліп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл балық қабылдау, өӊдеу орталығыныӊ 600 тонна балық өндіретін қуаты бар. Бүгінгі күні жұмыстыӊ басым бөлігі аяқталды. Жобаны жуық арада іске қосып, пайдалануға беру көзделген. Отбасылық кәсіпті дамыту мақсатында бірқатар істер атқарылуда. Біршама ауыл тұрғындары кіші кеме қайығын жүргізу үшін аудандық "Жұмыспен қамту орталығында" облыстық деӊгейдегі мамандардан дәріс алуда, - дейді Қаратереӊ ауылдық округініӊ әкімі Құдабай Жиенбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны