09.06.2017, 18:29 5572

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы түйе шаруашылығына арналған семинар өткізді

Шара барысында қатысушылар Ойсылқара түлігініӊ еті мен сүтініӊ құндылығы, түйе малын күтіп бағудыӊ өзіндік ерекшеліктері туралы білім алып, жергілікті кәсіпкер Сабыр Ермахановтыӊ түйе сүтін өӊдеумен айналысатын "Аруана" цехыныӊ жұмыстарымен де танысты.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП жанынан құрылған "Агробіліктілік орталығы" ЖШС Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердіӊ кәсіби біліктілігін көтеру шараларын жалғастыруда.

Бұл жолы Шиелі ауданындағы "Шиелі Төрт түлігі" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативініӊ базасында "Түйе шаруашылығы" бағыты бойынша 4 күндік семинар өткізілді. Семинарда БҰҰ жанынан құрылған Ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық сарапшы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасыныӊ оқытушысы, PhD докторы, профессор Гаухар Қонысбаева дәріс оқыды.

Шара барысында қатысушылар Ойсылқара түлігініӊ еті мен сүтініӊ құндылығы, түйе малын күтіп бағудыӊ өзіндік ерекшеліктері туралы білім алып, жергілікті кәсіпкер Сабыр Ермахановтыӊ түйе сүтін өӊдеумен айналысатын "Аруана" цехыныӊ жұмыстарымен де танысты.

Семинар барысында шараға қатысушылардыӊ арасынан 4-5 тыӊдаушы табиғи таза органикалық өнім болып табылатын түйе еті мен сүтін өндірумен айналысуға қызығушылық танытып, "Аруана" цехымен алдағы уақытта әріптестік байланыста болатындықтарын жеткізді.

Шара қорытындысымен қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардыӊ барлық түрлері туралы ақпарат алғыӊыз келсе, "Атамекен" ҰКП байланыс орталығындағы 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыз. Қоӊырау шалу тегін.

Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс жасайтындығын назарларыӊызға саламыз,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны