04.08.2017, 19:22 4825

Қызылорда облысы Қазалы ауданында "Ірі қара мал етініӊ экспорттық әлеуетін дамыту" бағдарламасы аясында ауқымды шаралар іске асырылуда

Аудан әкімдігініӊ хабарлауынша, осы күні Ресей мемлекетініӊ Астрахан қаласы әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару үшін екі жақты меморандумға отыру үшін келісімдер жасалу үстінде.

Қызылорда. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданында "Ірі қара мал етініӊ экспорттық әлеуетін дамыту" бағдарламасы аясында ауқымды шаралар іске асырылуда.

Қазалы ауданындағы "Сыр Маржаны" ЖШС-ніӊ 500 басқа арналып салынған МІҚ малын бордақылау алаӊында жыл басынан бері 200-ден астам сиыр бордақыланып, оныӊ 100-і сойып, сатылды.

Бүгінгі күні алаӊныӊ қуатылығын 3000 басқа ұлғайтуға жұмыс жасалуда. Сонымен қатар, алаӊ жанынан ет консерві зауытын ашу жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары басталды.

Аудан әкімдігініӊ хабарлауынша, осы күні Ресей мемлекетініӊ Астрахан қаласы әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару үшін екі жақты меморандумға отыру үшін келісімдер жасалу үстінде.

Мал шаруашылығыныӊ дамуына дем берген "Сыбаға" бағдарламасы аясында осы жылы 262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны