26.06.2017, 09:07 4578

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы "Жанкент Ерасыл" кооперативіне 23 отбасы бірігіп, бақша егумен айналысуда

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Өркендеу ауылдық округінде құрылған "Жанкент Ерасыл" кооперативіне 23 отбасы бірігіп, бақша егумен айналысуда. Округ бойынша биыл 135 гектар егіс болса, оныӊ 40 гектарына аталмыш кооператив қауын-қарбыз еккен.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Өркендеу ауылдық округінде құрылған "Жанкент Ерасыл" кооперативіне 23 отбасы бірігіп, бақша егумен айналысуда. Округ бойынша биыл 135 гектар егіс болса, оныӊ 40 гектарына аталмыш кооператив қауын-қарбыз еккен. Ауылдық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Өткелбай Жолмырзаев бақша өнімдерін ұлғайту арқылы халықты табиғи әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге болатынын айтады. Аудан әкімі бастаған бұл бастама жастарды еӊбекке баулуға, масылдықтан арылуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, қосымша табыс көздерін табуға мол мүмкіндік бермек.

Бозкөл ауылыныӊ тұрғыны Мінажат Қаниев жалғыз өзі 80 сотық жерге қауын-қарбыз бен асқабақ еккен. Жергілікті әкімдік жеткізіп берген бақша дақылдарыныӊ жаӊа сорттарын еккен 72 жастағы қария өнімді егуден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық жұмыстардыӊ үйлестірілгеніне қуанышты. Жалпы Бозкөл ауылдық округі бойынша егілген 54 гектар қауын-қарбыздыӊ 25 гектары "Бозкөл" кооперативіне тиесілі.

Өӊірде көкөніс, бақша өнімдерін егу барысымен танысқан аудан әкімі Н. Шамұратов Аранды ауылдық округі, Қожабақы ауылындағы шаруалар қауымымен кездесіп, пікірлесті. Округ бойынша биыл 60 гектар қауын-қарбыз, 5 гектар тары, 20 гектар картоп, 35 гектар көкөніс түрлері егілген. Және өзге ауылдардан ерекшелігі мұнда дақылдар көлемі, пісу ұзақтығы мен уақытына қарай кезеӊ-кезеӊімен егілуде. Округте құрылған "Кішкене ата" кооперативінде 25 адам бірігіп, бақша жұмыстарымен айналысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны