22.05.2017, 16:12 4922

Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ әкімі кәсіпкерлік нысандарыныӊ құрылысымен танысты

Бұдан бөлек, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 5 квартал аумағынан тұрғын үй мақсатында игерілетін 210 га жер учаскесінен халыққа берілетін тұрғын үймен қатар 40 га аумаққа орналастырылатын "Кәсіпкерлік қызмет көрсету кешенін ұйымдастыру" жобасы бойынша жүргізілетін инфрақұрылым жүйелерініӊ орналасу жұмыстарын бақылады.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Қазалы ауданыныӊ әкімі Нажмадин Шамұратов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кәсіпкерлік нысандарын аралады.

Аудан басшысы алдымен "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автокөлік дәлізі бойынан салынып жатқан "Сыр маржаны және К" ЖШС-ніӊ "В" санатты сервистік қызмет көрсету нысаны құрылысыныӊ жұмысын көрді.

Серіктестік директоры М.Өтеевтіӊ айтуынша, 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеген нысан биыл пайдалануға беріледі. Мұнда шағын қонақүй, 40 орынға арналған кафе, медициналық пункт, туристерге арналған ақпараттық пункт, аралас заттар дүкені, автокөлік жөндеу шеберханасы, жанар-жағар май құю бекеті сауда павильонымен орналаспақ.

Сонымен қатар, аудан әкімі жеке кәсіпкер Ү.Сейілбаевтыӊ кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығыныӊ, жеке кәсіпкер А.Байсуғанованыӊ автокөлік дәлізі бойындағы "С" санатты сервистік қызмет көрсету нысаныныӊ құрылыстарымен және "Өндірістік аймақ ұйымдастыру" жобасы бойынша жұмыстармен танысты.

Бұдан бөлек, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 5 квартал аумағынан тұрғын үй мақсатында игерілетін 210 га жер учаскесінен халыққа берілетін тұрғын үймен қатар 40 га аумаққа орналастырылатын "Кәсіпкерлік қызмет көрсету кешенін ұйымдастыру" жобасы бойынша жүргізілетін инфрақұрылым жүйелерініӊ орналасу жұмыстарын бақылады.

Аудан әкімі тиісті сала басшылары мен мен құрылысты жүргізіп жатқан мекеме басшыларына жобаларды тиянақты әрі өз уақытында орындауға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны