24.02.2017, 18:27 4505

Қызылорда облысы мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі 400 млн. АҚШ долларына теӊ 9 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісім жасады

Қызылордада Еуропа қайта құру және даму банкі мен Қызылорда облысыныӊ әкімдігі арасындағы әріптестік мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған ЕҚДБ-ныӊ Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман мен инфрақұрылым жөніндегі бизнес-топтардыӊ атқарушы директоры Томас Майер қатысты.

Қызылорда. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылордада Еуропа қайта құру және даму банкі мен Қызылорда облысыныӊ әкімдігі арасындағы әріптестік мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған ЕҚДБ-ныӊ Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман мен инфрақұрылым жөніндегі бизнес-топтардыӊ атқарушы директоры Томас Майер қатысты.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Президентіне, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ теӊ төрағасы Сума Чакробарти мырзаға және аймақ үшін маӊызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін банктіӊ өзге де өкілдеріне алғысын білдірді.

-Еуропа Қайта құру және Даму Банкініӊ қолдауымен облыстыӊ инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша бірінші кезектегі ауқымды шаруалар атқарылуда. Жалпы сомасы 121 млн. АҚШ долларын құрайтын 5 несиелік келісім жасалды. ( 40,2 млрд. теӊге). Жалпы алғанда 400 млн. АҚШ долларына теӊ (133 млрд. теӊге) 9 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісім жасалды,- деді облыс әкімі.

Қырымбек Көшербаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкініӊ Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкманныӊ еӊбегін ерекше атап өтіп, оны Қызылорда облысыныӊ Құрмет грамотасымен марапаттады. Өз кезегінде Джанет Хэкман ханым аймақ басшылығына жемісті әріптестік үшін алғысын білдіріп, жуырда Каирге (Египет) қоныс аударатынын айтты.

- Бүгін Қызылорда әуежайына табаным тиген сәтте осыдан 4 жыл бұрын келген кезім есіме түсті. Қызылордаға әр келген сайын оӊ өзгерістерді көремін, жаӊа жолдар, заманауи автобустар, мектептер мен ауруханалар. Қызылорда облысы Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда өзге өӊірлерге үлгі болып отырған бірден-бір аймақ,-деді Хэкман.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны