12.05.2017, 14:19 6122

Қызылорда облысы мен "Форте банк" ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Кеше Қызылордаға ынтымақтастық туралы меморандум жасауға және банк ғимараты құрылысын бастау үшін "ForteBank" АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Иуезов бастаған делегация келді.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Қызылордаға ынтымақтастық туралы меморандум жасауға және банк ғимараты құрылысын бастау үшін "ForteBank" АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Иуезов бастаған делегация келді.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, оларға ынтымақтастықтыӊ тиімді бағыттарын жеткізді және жергілікті жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі.

"ForteBank" Қазақстан мен Орталық Азиядағы еӊ ірі және болашағы зор банктіӊ бірі болып саналады",- деп атап өтті аймақ басшысы.

- Бүгінгі күнніӊ маӊызды шарасы - банктіӊ жаӊа кеӊсесініӊ құрылысыныӊ басталуы болып отыр. "Hitech" стильде салынып жатқан жоба тек банктіӊ қызмет көрсету аясы мен сапасын ғана жақсартып қоймай, қаламыздыӊ сәулеттік келбетін арттыра түсетін болады. Бірлескен жобалар аймақ экономикасыныӊ дамуына оӊ серпін беретініне сенім мол,- деді Қ.Көшербаев.

Осы күні Сұлтан Бейбарыс көшесініӊ бойында банк ғимаратыныӊ іргетасын қалау рәсімі өтті. Мекеменіӊ үшқабатты ғимаратында операциялық зал, касса бұрыштары, мұрағат, шаруашылық жайлар болады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандус орнатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны