24.05.2017, 15:40 4331

Қызылорда облысы субсидияларға қол жеткізуі үшін ауыл шаруашылығы басым аймақтар қатарына енгізу бағытында нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізілуде - Абылай Мырзахметов

"Бұл мәселе де бізге жақсы таныс. "ҚазАгро", оған қарасты мекемелердіӊ басын қосып бірнеше рет мәжіліс өткіздік. Осы мәселеніӊ барлығын көтердік. Бұдан өзге, Атырау, Қызылорда, Маӊғыстау облыстары ауыл шаруашылығы басым аймақтар қатарына енбейді деп субсидиядан да алып тастаған. Біздіӊ ұсынысымызбен қазір 8 министрліктіӊ субсидияға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарына өзгеріс енгізіліп жатырмыз.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП басшылығыныӊ Қызылорда облысына жұмыс сапары аясындағы кәсіпкерлермен өткізілген кездесуде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Атап айтқанда, Өӊірлік кеӊес мүшесі Мырзағали Ермаханов сатып алуларға қатысты кездесіп отырған қиындықты айтты.

"Бүгінгі таӊда бізде сатып алулар 4 электронды алаӊда жүргізіледі (мемлекеттік сатып алулар, "Самұрық-Қазынаныӊ", жерқойнауын пайдаланушылардыӊ сатып алулары және Еуразиялық электронды портал). Ир порталдыӊ жұмыс жасауда өз ережесі бар және ол өздерініӊ нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. Кәсіпкер тендерге қатысу үшін әр порталда жеке-жеке тіркелуге мәжбүр және қатысуға өтінім беруде қиындықтарға кездесіп жатады. Осы мәселені шешу үшін аталмыш порталдарды біріктіру мүмкіндігін қарастыруларыӊызды сұраймыз", - деді ол.

Аталмыш ұсынысқа қатысты "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәселеден хабардар екендігін, бұл бағытта "Атамекенніӊ" бірнеше бағытта жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.

"Қазір біз бұл процесті жеӊілдетуге қатысты шара қабылдауға дайынбыз. Ол үшін біз екі жолды таӊдадық. Біріншісі, заӊ аясында. Қазір Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша 2018 жылдан бастап Қаржы министрлігінде жұмыс жасайтын сатып алудыӊ бірыӊғай порталы іске қосылатын болады. Екіншісі, жоғарыдағы заӊнама шыққанға дейін жұмысты жеӊілдету үшін алдағы бір айдыӊ Палата арқылы бір IT кіру ұйымдастырылады, яғни кәсіпкер бір жерден кіру арқылы Сіз айтқан сатып алулардыӊ сайтына кіру мүмкіндігін алады. Аталмыш механизмді толықтай іске қосу үшін қорытынды келіссөздерді жүргізудеміз", - деді төраға.

Кездесуде кәсіпкерлермен көтерілген келесі мәселе ауыл шаруашылығы саласына қатысты болды.

Бұл туралы Өӊірлік кеӊес мүшесі Нұрлан Имандосов: "ҚазАгро" АҚ бағдарламасында қарастырылған басым бағыттардыӊ бірі - "Қарқынды бақтарды отырғызу" Қызылорда облысында жүзеге асырылмайды. Аталған бағыттар Алматы, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ғана қаржыландырылады. Осы жағдайға байланысты, жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілер "ҚазАгро" АҚ қаржы институттарыныӊ желілері арқылы несие алуға қол жеткізе алмай отыр. Өӊірімізде өз қаражаттарына, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген өӊiрлердi мамандандырудыӊ ұсынылатын схемасына енгізілмегендігіне қарамастан алманыӊ ергежейлі және жартылай ергежейлі (карликовые) сорттарын отырғызып, қарқынды бақтар өсірумен айналысып жүрген бірқатар шаруа қожалықтары бар. Бүгінгі күні осы шаруашылықтар өз қаражаттарыныӊ жеткіліксіздігіне байланысты, агротехнология бойынша отырғызу жұмыстарын аяқтай алмай отыр. Қарқынды бақтарды отырғызу мақсатында "ҚазАгро" АҚ қаржы портфелінен көп қаржы талап етілмейді, әрбір шаруа қожалықтарында жоспарланған егіс көлемі 5-10 га аралығында, яғни бұл дегеніміз 7-20 млн.тг. аралығындағы қаражатты қажет етеді. Осы мәселені шешу барысына көмек көрсетуіӊізді сұраймыз", - деді.

"Бұл мәселе де бізге жақсы таныс. "ҚазАгро", оған қарасты мекемелердіӊ басын қосып бірнеше рет мәжіліс өткіздік. Осы мәселеніӊ барлығын көтердік. Бұдан өзге, Атырау, Қызылорда, Маӊғыстау облыстары ауыл шаруашылығы басым аймақтар қатарына енбейді деп субсидиядан да алып тастаған. Біздіӊ ұсынысымызбен қазір 8 министрліктіӊ субсидияға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарына өзгеріс енгізіліп жатырмыз. Мамыр айыныӊ соӊында ауыл шаруашылығы министрлігініӊ ұйымдастыруымен селекторлық байланыста жиналыс болады. Сіздер көтеріп отырған мәселе шешілу үшін нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізілуі тиіс. Бір ай, бір жарым айдыӊ көлемінде шешіледі деп ойлаймыз. Бұл мәселе біздіӊ бақылауымызда", - деді Басқарма төрағасы.

Мұнан өзге, кәсіпкерлермен кездесу барысында Абылай Мырзахметов Қызылордадағы адами капиталды дамытуға қатысты қабылданып жатқан шараларға жоғары баға беріп, өӊірдіӊ кәсіпкерлік саласындағы мамандарды даярлауда жасап жатқан жұмыстары республика көлемінде үлгі екендігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны