11.09.2017, 18:16 4528

Қызылорда облысына 11 шет мемлекеттен инвесторлар тартылады

2017 жылдыӊ 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өӊдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемініӊ 12,1 пайызын құрады.

Қызылорда. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысына 11 шет мемлекеттен инвесторлар тартылады. Бұл туралы өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

Бүгінде өӊір мамандары шетелдік компаниялармен кездесіп, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін келіссіздер жүргізуде. Инвесторларды ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу істеріне тартуға басымдық берілуде. Аймағымызда 50 мыӊнан астам гектар жер пайдаланусыз жатыр. Қалталы азаматтардыӊ осында кәсібін дөӊгелентуге мүмкіндіктері мол.

"Осы уақытқа дейін индустриалық жобалар бойынша 8 елге өнімдерімізді экспортқа шығардық. Ал биылдан бастап 10 елге өнімдерімізді таратамыз. Бір ғана мысал, бағдарлама аясында 2 бірдей испандық цехты іске қосқан "Аралтұз" АҚ-ы өткен жылы шет елдерге 60 пайыз өнімін экспорттаған болатын. Тек соӊғы 2 жылда Ресей нарығында ас тұзы бойынша 12 пайыз үлесті иеленді", - деді Ринат Сұлтангереев.

Сонымен қатар, облыс көлемінде индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд.теӊгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мыӊ адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды.

2017 жылдыӊ 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өӊдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемініӊ 12,1 пайызын құрады.

Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында осы жылы 23 жоба іске қосылады. Оныӊ ішінде 10 кәсіпорын индустриалық аймақта орналасқан. Осыған дейін 7 шағын және орта кәсіпорын ашылған болатын. Жыл соӊына дейін 16 кәсіпорын іске қосылмақшы. 551 жан жұмыс орнымен қамтылады.

Өӊдеу өнекәсібі саласында жыл басынан бері 57,3 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өткен жылымен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Ал, инвестиция көлемі 19 пайызға өсіп, 92 млрд.теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны