11.07.2017, 16:08 4467

Қызылорда облысына 2017 жылға 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді

Жылдыӊ алғашқы тоқсанында 1078 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, республикалық бюджетке 27 млн. теӊге қаржы түсірілді. Осы мерзімде 523,5 тонна балық өнімдері Дания, Польша, Изербайжан және Ресейге экспортқа жіберілді

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы дамуында балық шаруашылығы маӊызды саланыӊ біріне айналды. Аймақтағы су айдындарында ауланған "су маржандары" елімізді қойып, шетел нарығығнан орын тапты.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ бірінші тоқсандағы есебі бойынша бүгінде облыс аймағында Кіші Арал теӊізі, Сырдария өзені және жергілікті маӊызы бар 196 су айдыны мен 36 аӊшылық алқаптар тізімге алынған.

Бүгінгі күні, Кіші Арал теӊізі толықтай, су айдындарыныӊ 144 және аӊшылық алқаптардыӊ 34-і ұзақ мерзімге бектіліп берілген.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ 2017 жылғы 10 наурыздағы №111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

Жылдыӊ алғашқы тоқсанында 1078 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, республикалық бюджетке 27 млн. теӊге қаржы түсірілді.

Осы мерзімде 523,5 тонна балық өнімдері Дания, Польша, Изербайжан және Ресейге экспортқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны