13.02.2014, 19:06 3259

Қызылорда облысына Гонконг инвесторлары келді

Кездесу барысында Шу-Сарысу, Сырдария және Арал қойнауындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Компания Президенті Лай Эрик мұнай саласына инвестиция салуға ниетті екендігін жеткізді.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев "Polyard Petroleum International Group LTD" компаниясының өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында Шу-Сарысу, Сырдария және Арал қойнауындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Компания Президенті Лай Эрик мұнай саласына инвестиция салуға ниетті екендігін жеткізді.

Инвестор Қазақстан, оның ішінде Қызылорданың даму көрсеткішін жақсы білетіндігін айтып, өңірдің болашағы зор екендігін жеткізді. Бұл, әрине, өткен жылы өткізген қос бірдей инвестициялық форумның жемісі. Биыл тағы екі форум өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны