12.07.2017, 15:46 4044

Қызылорда облысынан республикалық бюджеттен қаражаттандыруға 72 инвестициялық жоба ұсынылды

Нәтижесінде облыс бойынша пайдалану мерзімі биыл аяқталатын жалпы құны 12,8 млрд теӊге құрайтын 33 жоба анықталды

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Кеше Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен аппарат отырысы өтіп, күн тәртібінде 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалардыӊ жайы қаралды. Айта кетейік республикалық бюджеттен қаражаттандырылуға облыс бойынша 72 инвестициялық жоба ұсынылған.

Сонымен қатар, бюджет қаражатыныӊ тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары салалары бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамалары бар инвестициялық жобаларға талдау жүргізілген. Нәтижесінде облыс бойынша пайдалану мерзімі биыл аяқталатын жалпы құны 12,8 млрд теӊге құрайтын 33 жоба анықталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны