17.07.2017, 19:39 4790

Қызылорда облысында 129,33 шақырым болатын жол мен көше жөнделеді

Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарыныӊ дерегінше биыл аймақта жалпы ұзындығы 129,33 шақырым болатын жол мен көше жөнделеді. Оныӊ ішінде 32 шақырым қайта жаӊғыртылса, 44 шақырым күрделі жөндеуден өтеді.

Қызылорда. 17 шілде. Kazakhstan Today -Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарыныӊ дерегінше биыл аймақта жалпы ұзындығы 129,33 шақырым болатын жол мен көше жөнделеді. Оныӊ ішінде 32 шақырым қайта жаӊғыртылса, 44 шақырым күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ жыл аясында 53 шақырым орташа жөндеу жасалады.

Осы жұмыстар мен аудандық маӊызы бар "Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаӊақұрылыс" автомобиль жолыныӊ Илсейт участкесіндегі көпір құрылысына барлығы 7 847,579 млн. теӊге қаржы қаралды. Оныӊ 2 980,501 млн. теӊгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, облыстық бюджеттен 4 867,078 млн. теӊге қаралып отыр.

Бүгінге дейін "Самара-Шымкент-Сазды" автомобиль жолыныӊ құрылысына республикадан бөлінген 2 131,0 млн. теӊгеніӊ (ұзындығы 10 шқ) 936,114 млн. теӊгесі игерілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны