14.06.2017, 13:50 4470

Қызылорда облысында 1 шілдеде балықшылар слеті өтеді

Қызылорда облысында 1 шілдеде балықшылар слеті өтеді. Сала мамандарыныӊ тәжірибе алмасу алаӊына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылмақ.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 1 шілдеде балықшылар слеті өтеді. Сала мамандарыныӊ тәжірибе алмасу алаӊына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылмақ.

Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бауыржан Шаменов мәлімдеді.

Аймақта жылына 8-8,5 мыӊ.тоннаға дейін балық ауланып, оныӊ көп бөлігі балық өӊдеу зауыттарында өӊделуде. Бұл балық өӊдеу саласыныӊ қарқынды дамып, балық өнімдері экспортыныӊ көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

2017 жылдыӊ 1-тоқсанында экспортқа шығарылған балық өнімдерініӊ 65 пайызы Ресей Федерациясына, 35 пайызы (Польша -129,3 тонна, Дания-31,74 тонна, Изірбайжан - 20,0 тонна) алыс шетелдерге жөнелтілді.

Бауыржан Шаменовтіӊ айтуынша, 2017 жылы 4 каналды (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы "Горсовет", "Дәулет-арық", Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі "Алпамыс", Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Байсары" каналындары) тазалау, өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғыларын алып беру, Арал ауданындағы "Баян" және "Көкіш" каналдарын жөндеу жұмыстарыныӊ жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Облыс аумағында мемлекеттік орман қорыныӊ жалпы көлемі 6,5 млн.гектар, соныӊ 3 млн. гектары орманды алқаптар. Орман құраушы негізгі ағаш - сексеуіл. 2017 жылы орман қоры жерлерінде 438 шақырым жаӊадан өрт жолақтары, 3193 шақырым ескі өрт жолақтары жүргізіледі. Орман шаруашылығы мекемелерініӊ материалдық техникалық базасы 75 пайызға нығайтылған. Орман алқабын молайту мақсатында жыл сайын 10 707 гектар сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде, соныӊ 5 мыӊ гектары Арал теӊізініӊ құрғаған ұлтанына отырғызылды. Соӊғы 25 жылда Арал теӊізініӊ құрғаған ұлтанына 156 мыӊ га сексеуіл егілді.

Биыл Оӊтүстік Корея Республикасы теӊіздіӊ ұлтаныныӊ 30 мыӊ гектарына фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізуге 1,5 млн. АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны