14.01.2014, 19:15 2872

Қызылорда облысында 2013 жылы кедендік салық пен төлем көлемі 17,3 млрд теңгені құрады

"Экспортталған тауарлардың басым үлесін (92 пайызы) мұнай және мұнай өнімдері құрайды, екінші орында сыртқа жөнелтілетін - табиғи уран концентраты (7,1 пайыз)", - делінген хабарламада.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті 2013 жылдың 12 айында мемлекет бюджетіне 17 млрд. 331 млн. 960 мың теңге кеден баждары мен салықтарын түсіріп, жоспарлы тапсырманы 101,5 пайызға орындады. Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен әкету кеден бажы құрайды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Экспортталған тауарлардың басым үлесін (92 пайызы) мұнай және мұнай өнімдері құрайды, екінші орында сыртқа жөнелтілетін - табиғи уран концентраты (7,1 пайыз)", - делінген хабарламада.

Шет елге тауар экспорттаушы тұлғаларды талдағанда, жер қойнауын пайдаланушы мекемелер үлесі 97 пайызды құрайды. Қалған 3 пайыз басқа тауарларды экспорттаушыларға тиесілі.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 690 млн. 240 АҚШ долларына тең, талдау алдыңғы 2012 жылмен салыстырғанда импорттың 36 пайызға төмендегенін, ал экспорт көлемінің 2 пайызға өскенін көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны