04.04.2017, 15:40 5171

Қызылорда облысында 2016 жылы ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығын көлемі 2,6 есе өсті

2016 жылы ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындар былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артып, 613,6 млн. теӊгені құрады. Жалпы ішкі шығындар көлеміндегі қолданбалы зерттеулердіӊ үлесі - 97,2%, іргелі зерттеулер - 2,8%,- деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Қызылорда. 4 сәуір. Kazakhstan Today - 2016 жылы ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындар былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артып, 613,6 млн. теӊгені құрады. Жалпы ішкі шығындар көлеміндегі қолданбалы зерттеулердіӊ үлесі - 97,2%, іргелі зерттеулер - 2,8%,- деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындарды қаржыландыру көздері құрамыныӊ көп үлесі 57,7% - кәсіпорынныӊ меншікті қаражаттарына, 33,1% - республикалық бюджет құралдарына, ал 9,2% - басқа дереккөздер құралдарына келеді.

Ұйымдардыӊ қызметтерін талдаудыӊ нәтижесі ҒЗТКЖ басым бағытыныӊ инженерлік әзірлемелер және технологиялар саласындағы зерттеулер болып табылатынын көрсетті, олардыӊ ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындар сомасындағы үлес салмағы - 53,8% құрады. Ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы зерттеулер - 33,2%, жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулерге жұмсалған шығындар - 11,7%, гуманитарлық ғылымдар - 1,1% және әлеуметтік ғылымдар - 0,2% болды.

2016 жылы ҒЗТКЖ-мен 228 адам айналысты, одан 142 адам зерттеуші-маман. ҒЗТКЖ-ы орындаған ғылым докторлары - 16 адам, философияныӊ PhD докторлары - 3 адам, ғылым кандидаттары - 77 адам және магистрлар - 32 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны