21.02.2017, 23:26 4265

Қызылорда облысында 2016 жылы өӊдеу секторындағы өсім 15 пайызды құрады

Облыс экономикасыныӊ тірегі мұнай-газ өнеркәсібі төмендегенмен, дамудыӊ бірқатар көрсеткіштерінде оӊ динамика бар. Облыс бойынша өӊдеу секторындағы өсім 15 пайызды құрады. Бүгінде облыстыӊ шикізаттық емес өндіріс секторындағы өнім көлемі 52 пайызға өсті. Осыныӊ нәтижесінде облыс шикізаттық емес сектордыӊ дамуы бойынша республика аймақтарыныӊ арасында көшбасшылар қатарында.

Қызылорда. 21 ақпан. Kazakhstan Today - 15 ақпан күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жыл бойы атқарылған істер, алдағы маӊызды міндеттер сараланды. Өткен жыл Сыр өӊірі экономикасы үшін табысты жыл болғаны айқын көрініп тұр,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Облыс экономикасыныӊ тірегі мұнай-газ өнеркәсібі төмендегенмен, дамудыӊ бірқатар көрсеткіштерінде оӊ динамика бар. Облыс бойынша өӊдеу секторындағы өсім 15 пайызды құрады. Бүгінде облыстыӊ шикізаттық емес өндіріс секторындағы өнім көлемі 52 пайызға өсті. Осыныӊ нәтижесінде облыс шикізаттық емес сектордыӊ дамуы бойынша республика аймақтарыныӊ арасында көшбасшылар қатарында.

Сыр өӊірінде жергілікті шикізатты өӊдейтін, өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіпорындар салынуда. 2016 жылы екі бірдей цемент зауыттарыныӊ құрылысы басталды. Олар, Жаӊақорған ауданында құрылыс цементі және Шиелі ауданында тампонажды цемент зауыты. Бұл екі жоба бойынша инвестицияныӊ көлемі 74 млрд теӊгені құрайды. Оларды жүзеге асыру шамамен 400 жаӊа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді екен. Зауыттарды 2018 жылдыӊ басында іске қосу жоспарланған. Арал қаласында "Аралтұз" акционерлік қоғамымен қуаттылығы 300 тонналық кальцийлендірілген сода зауытыныӊ құрылыс жобасын жүзеге асыруға "Қазақстан Даму банкі" арқылы қаржыландыру мәселелері де шешілген. Бұл еліміздіӊ барлық қажеттіліктерініӊ 75 пайызын өтейтін республикадағы бірден бір заманауи кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт болмақ. Айтқандай, индустрияландыру Картасы аясында өндіріске испан цехыныӊ іске қосылуы нәтижесінде "Аралтұз" бүгінгі таӊда өз өнімініӊ 60 пайызын шет елге экспорттауда. Соӊғы екі жылдыӊ өзінде зауыт Ресейдіӊ ас тұзы нарығыныӊ 12 пайызын иеленді.

Жұмыссыз ауыл тұрғындары да назардан тыс қалған жоқ.

- Былтыр аймақтық "Қызылорда" инвестициялық орталығы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, "Микробизнес-Қызылорда" пилоттық жобасын жүзеге асыра бастады. 2016 жылдыӊ өзінде 774 млн теӊгеге 124 жоба жүзеге асырылып, 400-ден астам жаӊа жұмыс орындары құрылды. Бұл жерде айрықша басымдық жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ әлеуетін пайдалану және олардыӊ базасында ет пен сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға беріледі,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Құрылыс көлемі жағынан да Қызылорда облысы көш бастап тұр. Өткен жылы Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді. Мемлекеттік қаржыландырудыӊ есебінен ғана 2016 жылы 36 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, 1864 отбасы жаӊа тұрғын үйге қол жеткізді. Өткен жылы Қызылорда қаласында барлығы 80 көп қабатты үй салынған.

Тұрақты даму тенденциясы агроөнеркәсіп секторында да байқалады. 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 еседен артық өсті. Бұдан бөлек, Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаӊында Сыр күрішшілері ел тарихында күріштіӊ әр гектарынан 56 центнер, ал, жекелеген шаруашылықтар 80 центнерге дейін өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Облыста ауыл шаруашылығын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі Агрокартасында негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру айқындалып, өнімдерді тарату нарығын кеӊейту арқылы Парсы шығанағы елдеріне (Иран, Біріккен Араб Имірліктері), Орталық Азияға (Қытай) және Шығыс Еуропаға шығу көзделген.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару - Қызылорда облысыныӊ өткен және алдыӊғы жылдардағы басым бағыттарыныӊ бірі. Мысалы Өткен жылы Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 400 литр шұбат өндіретін цех іске қосылды. Қызылорда қаласында жартылай фабрикат ет өнімдерініӊ фабрикасы, ал, Сырдария ауданында жылына 250 тонна өнім шығаратын ет комбинаты бар 10 мыӊ бас қозы өсіретін кешен салынып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны