19.05.2014, 19:43 3053

Қызылорда облысында 2016 жылы сұйытылған газ өндіретін зауыт ашылады - МГМ

Сондай-ақ, Қазақстанда табиғи газдан жанармай, дизель өндіру технологияларын енгізу де қарастырылып жатыр. "Ағымдағы жылдың 7 наурызында министрлік пен Ұлыбританиялық компания арасында аталмыш ақпараттық технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды. Бүгінде бұл жұмыс жалғасын табуда, қазір зауытты орналастыру аймағы таңдалуда", - деді ол.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің отырысында мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысында 2016 жылы сұйытылған газ өндіретін зауыттың ашылатындығы туралы мәлімдеді.

"Қытайлық тараппен үкіметаралық келісімдер аясында тұңғыш рет Қазақстанда сұйытылған газ өндіретін зауыттың құрылысын жүргізу ұсынылды. ТЭН (техникалы-экономикалық негіз) жұмыстары басталып кетті, құрылысты 2016 жылы аяқтау көзделген", - деді М. Мырзағалиев.

Сондай-ақ, Қазақстанда табиғи газдан жанармай, дизель өндіру технологияларын енгізу де қарастырылып жатыр.

"Ағымдағы жылдың 7 наурызында министрлік пен Ұлыбританиялық компания арасында аталмыш ақпараттық технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды. Бүгінде бұл жұмыс жалғасын табуда, қазір зауытты орналастыру аймағы таңдалуда", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны