25.04.2017, 19:11 5102

Қызылорда облысында 2017 жылғы қаӊтар-наурызда өнеркәсіп өнімініӊ нақты көлемініӊ индексі 95,4%-ды құрады

Қызылорда облысында 2017 жылғы қаӊтар-наурызда 2016 жылғы қаӊтар-наурызмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімініӊ нақты көлемініӊ индексі 95,4%-ды құрады. Өндіріс көлемініӊ кемуі облыстыӊ Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында байқалды. Облыстыӊ басқа барлық өӊірлерінде өндіріс көлемініӊ өсуі тіркелді,- деп хабарлайды облыстық статистика комитеті.

Қызылорда. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 2017 жылғы қаӊтар-наурызда 2016 жылғы қаӊтар-наурызмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімініӊ нақты көлемініӊ индексі 95,4%-ды құрады. Өндіріс көлемініӊ кемуі облыстыӊ Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында байқалды. Облыстыӊ басқа барлық өӊірлерінде өндіріс көлемініӊ өсуі тіркелді,- деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Есепті кезеӊде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 91,7 %-ды құрады.

Өӊдеу өнеркәсібінде өндіріс 9,6%-ға өсті. Тамақ өнімдерін өндіру, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру және негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру өсті.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда нақты көлем индексі 102,5 %-ды құрады.

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардыӊ жиналуын және таратылуын бақылауда 2017 жылғы

қаӊтар-наурыздағы нақты көлем индексі 95,3%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны