04.04.2017, 16:00 5230

Қызылорда облысында 2017 жылғы наурыздағы тұтыну бағасыныӊ индексі 100,4% құрады

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 100,8%-ды, азық-түлік емес тауарларына - 100,2%-ға , ақылы қызметтер 100,0% құрады.

Қызылорда. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 2017 жылғы наурыздағы тұтыну бағасыныӊ индексі 100,4% құрады,- деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 100,8%-ды, азық-түлік емес тауарларына - 100,2%-ға , ақылы қызметтер 100,0% құрады.

Өткен айда бағаныӊ өсуі жаӊа жиналған көкөністерге - 5,5%, оныӊ ішінде: жуаға - 25,9%, картопқа - 11,1%, қырыққабатқа - 8,6%, қызанаққа - 6,4%, сәбізге - 4,3%, жарма өнімдеріне - 3,3%, балалар тағамына - 2,9%, балық және теӊіз өнімдеріне - 2,4%, тоқаштар мен ұннан жасалған өнімдерге - 2,0%, етке - 1,1%, сүт өнімдеріне - 0,9% белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі жұмыртқаға - 8,7%, қарақұмық жармасына - 2,3%, өсімдік майы - 1,7%, жаӊа жиналған жемістер 0,9%-ға байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаныӊ өсімі бензинге - 1,2%, газеттер, кітаптар және кеӊсе тауарларына, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,4%, киім және аяқ киімге, фармацевтикалық өнімдерге - 0,1%.

Ақылы қызмет көрсету тобында баға көлік қызметіне - 0,3%, оныӊ ішінде: қалааралық автобусқа - на 11,1%, ұшаққа - 5,4%, демалыс және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,2% өсті. Бағаныӊ төмендеуі саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 0,6% байқалды.

Идіснамалық түсіндірмелер

Тұтыну бағасыныӊ индексі халықтыӊ жеке тұтынуы үшін сатып алған, тауарлар мен қызметтерге баға деӊгейініӊ барлық уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайды.

Қызылорда облысында 2017 жылғы наурыздағы күнкөрістіӊ еӊ төменгі деӊгейініӊ шамасы 20 833 теӊгені құрады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудыӊ еӊ төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтыӊ жан басына шаққандағы күнкөрістіӊ еӊ төменгі деӊгейініӊ шамасы 2017 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға, 2016 жылғы желтоқсанмен - 5,2%-ға жоғарылады. Оныӊ құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардыӊ үлесі 20,8%; сүт, май және тоӊ май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,5%; жемістер мен көкөністерді - 11,2%; нан және жарма өнімдерін - 8,6%; қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,9%-ды құрады.

Идіснамалық түсініктемелер

Еӊ төменгі күнкөріс деӊгейі - мөлшері бойынша еӊ төменгі тұтыну қоржыныныӊ құнына теӊ, бір адамға қажетті еӊ төменгі ақшалай табыс. Еӊ төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерініӊ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіӊ заттай және құндық көріністегі еӊ төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардыӊ бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістіӊ еӊ төменгі деӊгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардыӊ үлесі еӊ төменгі тұтыну қоржыны құныныӊ 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны