16.06.2017, 11:28 5537

Қызылорда облысында 2017 жылы кешенді жоспар бойынша жеті нысанды сауда саттыққа ұсыну жоспарлануда

Биыл жалпы жеті нысанды сауда саттыққа ұсыну жоспарлануда, оныӊ үшеуі коммуналдық меншік нысаны болса, төртеуі "Байқоӊыр (Байконур) ИКК" ҰК" акционерлік қоғамына қарасты нысандар. Ал келер жылы тағы 1 нысан жекешеленеді.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Елбасы Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына арнаған "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында елімізде қарқынды жүріп жатқан жекешелендірудіӊ екінші толқыныныӊ маӊызы атап өтіліп, оныӊ ел экономикасына жаӊа қарқын қосары айтылған болатын.

Қызылорда облысында да кешенді жоспар бойынша жекешелендіруге жататын бірқатар кәсіпорындар айқындалды.

Биыл жалпы жеті нысанды сауда саттыққа ұсыну жоспарлануда, оныӊ үшеуі коммуналдық меншік нысаны болса, төртеуі "Байқоӊыр (Байконур) ИКК" ҰК" акционерлік қоғамына қарасты нысандар.

Ал келер жылы тағы 1 нысан жекешеленеді.

Бүгінгі күнге барлық нысандар бойынша сауда- саттық кестелері мен Жол карталары әзірленді. "Мемлекеттік мүлік туралы" Заӊына және жекешелендіру объектілерін сату ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, сату процедурасы жеӊілдетілді.

Жекешелендіруге жеке немесе мемлекеттік емес заӊды тұлға қатыса алады. Аукционға, тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар Жекешелендіру объектілерін сату ережесінде көрсетілген.

Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру объектiсi болады.

Бұл үшін, облыс әкімдігі жанында заӊды тұлғаларды және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оӊтайландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылып, жекешелендірудіӊ мерзімі, түрі және шарттары бекітіледі. Жекешелендіру бойынша тұрақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ және жергілікті өкілетті органдардыӊ өкілдері енгізілген.

Жекешелендіруге жататын объектілер, сатылатын немесе сатылған объектілер туралы ақпарат, суреттерімен қоса мемлекеттік мүлік реестрін тіркейтін біріӊғай операторы болып табылатын - госреестр (www.gosreеstr.kz) веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады,- деп хабарлайды Т.ЖАҚЫПБАЕВ, Қызылорда облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны