29.06.2017, 11:10 4790

Қызылорда облысында 2018 жылы тау-кен байыту комбинаты іске қосылады

Түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Жаӊақорған ауданындағы "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнына барып, шахтаға түсіп, кенішті қайта жаӊғырту жұмыстарыныӊ барысымен, оныӊ даму перспективасымен, сондай-ақ, тау-кен байыту комбинаты құрылысыныӊ басталуымен танысты.

Қызылорда. 29 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкіметтік делегация болды. Оныӊ құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ басшысы, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау, еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, мәдениет және спорт, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері, сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік органдардыӊ және даму институттарыныӊ жетекшілері бар.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Үкімет басшысын аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы құлағдар етті. Сонымен бірге үкіметтік делегация өӊірдіӊ бірақатар маӊызды нысандарын аралады.

Алдымен Қызылорда су торабында болған Үкімет мүшелері Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен көктемгі тасқын суды жинақтау және суармалы жерлердіӊ аумағын ұлғайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аймақтыӊ денсаулық сақтау және білім беру жүйесініӊ дамуымен ҚР Премьер-Министрі 300 орынға арналған облыстық көпсалалы балалар ауруханасын және "Нұр-Шұғыла 2" жекеменшік балабақшасын аралау барысында танысты. Мұнан соӊ Үкімет басшысы бүгінде әртүрлі бағыттар бойынша 289 түрлі қызмет түрін ұсынып отырған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды.

Жұмыс сапарыныӊ аясында облыс экономикасын жаӊғырту мәселелеріне арналған жиын өтті. Қырымбек Көшербаев аймақта Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігер жұмылдырылып, негізгі салаларды техникалық қайта жарақтау, еӊбек өнімділігініӊ деӊгейін арттыру, бәсекеге қабілетті экспорттық өнімді дамыту шаралары қолға алынып жатқанын атап өтті.

"Өӊдеу секторындағы өндіріс көлемі 9,4%-ға өсті, бұл республиканыӊ орташа көрсеткішінен жоғары. Мемлекет басшысыныӊ технологиялық дамуды жеделдету жөніндегі тапсырмасы бойынша облыста индустрияландыру бағдарламасы аясында 6 кәсіпорын газды пайдаға жарататын, электр энергиясын өндіретін, күкірт қышқылын шығаратын және сүт өӊдейтін жаӊа технологиялық қондырғыларды іске қосты. Мәселен, "Арал тұз" АҚ кәсіпорны испандық жаӊа технология бойынша жұмыс атқаруда. Бұл экспорт көлемін 40 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Соӊғы 2 жылда кәсіпорын Ресейдіӊ ас тұзы нарығыныӊ 12%-ына ие болды",-деді Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімініӊ айтуынша биыл аймақта экспортқа бағытталған екі бірдей кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Олар - молибден үш тотығын өндіретін кәсіпорын және шыны зауыты. Атап өтерлігі, молибден тотығы толықтай Жапонияға экспортқа жөнелтіледі. Ал, шыны зауыты бойынша инвесторлар қазірдіӊ өзінде жобаныӊ екінші кезеӊін: күн батареяларына, смартфондар мен планшеттерге арналған ультра жіӊішке шыны шығаруды талқылауда.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаевқа Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауындағы құрылыс жобасы таныстырылды. Бұл жерде 18 көпқабатты (778 пәтер) тұрғын үйден тұратын алғашқы мөлтек ауданныӊ, 320 орындық балабақшаныӊ және басқа да нысандардыӊ құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Жаӊақорған ауданындағы "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнына барып, шахтаға түсіп, кенішті қайта жаӊғырту жұмыстарыныӊ барысымен, оныӊ даму перспективасымен, сондай-ақ, тау-кен байыту комбинаты құрылысыныӊ басталуымен танысты. Кен орнында "Тау-Кен Самұрық" АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында тау-кен байыту комбинатыныӊ құрылысын қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойылды. 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін бұл кәсіпорын 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Мұнан бөлек, тау-кен байыту комбинаты 2018 жылдан бастап 2 млн тоннаға дейін, ал 2019 жылы 4 млн тоннаға дейін кен өӊдейді деп күтілуде.

Сапар барысындағы келесі нысан-Жаӊақорған ауданындағы ежелгі Сығанақ (VІ-ХІХ ғ.ғ) қалашығы болды. Бақытжан Сағынтаев "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2003 жылдан бері жүргізіліп жатқан қазба және қайта қалпына келтіру жұмыстарын көрді. Ал, 2014 жылдан бастап мұндағы археологиялық зерттеулер облыс бюджеті есебінен жүргізілуде. Осы жерде Үкімет басшысы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Сапар қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мұнай өндіру көлемініӊ азайғанына қарамастан аймақта өӊдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жаппай орта бизнес белсенді дамып, әлеуметтік сала мен тұрғын үй құрылысы бәрінен де көп қаржыландырылып отырғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны