24.02.2014, 19:05 7042

Қызылорда облысында 400 отбасы баспаналы болады

Қызылорда облысында биыл 16 арендалық үй пайдаланылуға беріледі. Бұл 400-ден аса отбасының баспана мәселесін жасқартуына жағдай туғызады.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. Қызылорда облысында биыл 16 арендалық үй пайдаланылуға беріледі. Бұл 400-ден аса отбасының баспана мәселесін жасқартуына жағдай туғызады.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жалғасын табады.

2013 жылы бұл бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру тоқтаған болатын. Дегенмен, жөндеу жұмыстарын жергілікті бюджет есебінен жалғасты. Биыл осы мақсатқа республикалық бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылып отыр. Қомақты қаржы жүзден астам үйді жаңғыртуға жұмсалмақ.

Сондай-ақ облыс орталығындағы апаттық жағдайдағы баспаналардың орнына жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны