12.07.2017, 15:47 4175

Қызылорда облысында 54 әлеуметтік нысанныӊ құрылысы жүргізілуде

Бүгінде облыста жалпы ауданы 141,3 мыӊ шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен аппарат отырысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ басшысы Мұхамедиса Илсеріков 2017 жылы іске қосылатын нысандардыӊ құрылысы жайлы айтты.

Сала басшысыныӊ айтуынша, қазіргі таӊда аталған басқарма арқылы 54 әлеуметтік нысанныӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ ішінде 23-і өткен жылдан өтпелі болса, 31-ніӊ құрылысы жаӊадан басталған. Жыл соӊына дейін 26 әлеуметтік ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалғаныныӊ құрылысы келер жылы жалғасады.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасыаясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд теӊге қаржы бөлінген. Оныӊ ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теӊгебағытталған.

Бүгінде облыста жалпы ауданы 141,3 мыӊ шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны