28.06.2017, 17:25 4272

Қызылорда облысында аграрлық секторды әртараптандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысынан сыртқы нарыққа шығарылатын экспорттыӊ негізгі өнім түрлерін күріш пен балық құрайды. Тек соӊғы төрт жылдыӊ ішінде күріш экспорты 28%-ға, ал балық 8 еседен жоғары өсті.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысынан сыртқы нарыққа шығарылатын экспорттыӊ негізгі өнім түрлерін күріш пен балық құрайды. Тек соӊғы төрт жылдыӊ ішінде күріш экспорты 28%-ға, ал балық 8 еседен жоғары өсті.

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісініӊ бәсекелестік артықшылықтарын бағалау үшін кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, "Облыстыӊ 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ агрокартасы" жасалды. Өндірістік қуаттарды енгізудіӊ 2017-2020 жылдарға арналған жоспары бекітіліп, аграрлық секторды әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Бақша дақылдары мен майлы дақылдар, сондай-ақ өнеркәсіптік негіздегі картоп пен көкөніс өсіруді ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз. Экспорттық бағыттағы бақша дақылдарын өсіру қарқын алып келеді. Қауын экспортын қайта жандандырдық. Биыл 2 мыӊ тонна өнімді экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Осыныӊ нәтижесінеде қауын кластерін құрамыз. Біз қазір күріш экспортын Иран нарығына бағыттау жұмыстарын бастағалы отырмыз. Бұл елде жыл сайын 3 млн тонна күріш импортталады. Жаӊа нарыққа көшу барысында Сыр күріші агроөнеркәсіп кешенініӊ негізгі экспорттық саласы болып саналады. Күріш дақылы АӨК өнімдерініӊ жалпы экспорт көлемініӊ 44% құрайтын болады,- деді облыс әкімі ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ жұмыс сапары барысында аймақ экономикасын жаӊғырту мәселелері бойынша өткен жиындағы баяндамасында.

Икімніӊ айтуынша облыстыӊ аусылға байланысты буферлік аймақтан шығуы тірі мал мен ет экспортына үлкен мүмкіндіктер ашады.

Осыған орай, ағымдағы жылы ет экспортын қамтамасыз ету үшін халықаралық ветеринарлық талаптарға сай келетін ет комбинатын салу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудіӊ негізгі үлесі ұсақ шаруашылықтарға тиесілі. Сондықтан, өӊірдегі агроөнеркәсіп кешенін табысты дамыту үшін сервистік дайындау орталықтарын орналастыру сызбасы жасалды.

Бұдан бөлек, облыста ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таӊда аймақта 60 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар 1232 жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ басын біріктіріп отыр.

Жалпы алғанда агрокартада белгіленген шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы көлемі 213 млрд. теӊгеге немесе 2,4 есеге (647 млн. АҚШ доллары) артатын болады, бұл ретте 2020 жылға қарай экспорт көлемін 5 еседен жоғары арттырудыӊ әлеуетті мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны