10.06.2014, 20:56 3205

Қызылорда облысында алдағы екі жылда 21 елді мекен газбен қамтылады

2014-2016 жылдар аралығында облыс көлемінде 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланса, облыс халқының 70-80 пайызын газбен қамтуға қол жеткізу межеленген.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. 2014-2016 жылдар аралығында облыс көлемінде 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланса, облыс халқының 70-80 пайызын газбен қамтуға қол жеткізу межеленген.

Атқарылар жұмыстарға тоқталар болсақ, үстіміздегі жылы қала іргесіндегі Қызылжарма ауылдық округін және Тасбөгет кентін газдандыру үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталып та кетті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сонымен қатар Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГазАймақ" АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес ағымдағы жылы барлығы 23 млрд. теңгеге 4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу және Қызылорда қаласындағы газдандырылмаған тұрғын үйлерді газдандыру жоспарға енді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны