18.03.2017, 10:54 6546

Қызылорда облысында әлеуметтік мәні бар көлік қатынасы маршруттары облыстық бюджет есебінен жыл сайын 17,6 млн. теӊгеге демеу қаржыландырылып келеді

Қызылорда қаласыныӊ көшелерін жөндеуге 2016 жылы жалпы ұзындығы 101,6 км құрайтын 174 көше жолдарына Ұлттық қордан, республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 4 167,0 млн. теӊге бөлінді.

Қызылорда. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ елді-мекендері көлік қатынасымен жоғары деӊгейде қамтылған. Облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері еӊ төменгі деӊгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен жыл сайын 17,6 млн. теӊгеге демеу қаржыландырылып келеді.

Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Ерлан Жаӊабаев БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Қызылорда қаласыныӊ әуежайы әуе кемелерініӊ барлық түрін қабылдай алады. Демек, жолаушылар және жүк ағынын дамытудыӊ барлық негізі жасалған. Бүгінгі таӊда, Қорқыт ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 30 рейс орындалуда (жаз айларында 38 рейске дейін), оныӊ ішінде: аптасына Астана қаласына - 11, Алматы қаласына - 14, Қарағанды - 1 рейс, Атырау қаласы - 2 рейс және Ақтау қаласына- 2 рейс орындалуда.

2016 жылы 97,1 мыӊ жолаушы, 2017 жылдыӊ 2 айында 14,2 мыӊ жолаушы тасымалданды. Ал жоспар бойынша 2017 жылға - 120,7 мыӊ адам, 2018 жылға- 126,7 мыӊ адам, 2019 жылға - 133,0 мыӊ адам, 2020 жылға- 139,7 мыӊ адам тасымалдау көзделуде. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешілік әріптестік келісімшарт жобасын және Конкурстық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар және 2017 жылы жеке әріптесті таӊдау бойынша конкурс өткізу жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауы бойынша үлкен қалалардыӊ іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамытуды атап өтті.

Бүгінгі таӊда, облыс аумағында 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оныӊ ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71, аудандық (кентішілік) - 109, қалаішілік және қаламаӊы - 31 маршрут. 2016 жыл бойынша 335,4 млн. жолаушы тасымалданып, 2015 жылмен салыстырғанда 112,5% пайызға артты. Ал жолаушылар айналымы 5991,6 млн. жолауш./км. болып, 2015 жылмен салыстырғанда 107,4% құрады. Қызылорда қаласыныӊ көшелерін жөндеуге 2016 жылы жалпы ұзындығы 101,6 км құрайтын 174 көше жолдарына Ұлттық қордан, республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 4 167,0 млн. теӊге бөлінді.

Ал, 2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша - 2031,1 млн.теӊге бөлініп, барлығы - 17,42 км көше жолдары жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі күнге Қызылорда қаласы бойынша барлығы 113,8 млн теӊгеге, жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны