03.07.2017, 14:07 5033

Қызылорда облысында Арал өӊірі балықшыларыныӊ ІІІ слеті өтті

Облыс әкімініӊ айтуынша, бүгінде арал балығы Данияға, Польшаға, Ресейге, Грузияға және Изербайжанға экспортталады, ал Арал теӊізінен жылына 8 мыӊ тоннаға жуық балық ауланады.

Қызылорда. 3 шілде. Kazakhstan Today - 30 маусым - 1 шілде аралығында Арал ауданында ІІІ халықаралық балықшылар слеті өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ төрағасы Марлен Айнабеков, Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордыӊ, "Казрыбхоз" қоғамдық бірлестігініӊ, қоғам қайраткерлері мен аймақтыӊ балық шаруашылығы саласыныӊ ардагерлері, Дания, Ресей елдерініӊ, Ақтөбе, Қарағанды, Оӊтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ өкілдері қатысты.

- Өздеріӊізге белгілі, Елбасыныӊ бастамасымен Арал теӊізініӊ солтүстік бөлігін сақтау жөнінде Қазақстан ауқымды шаралар нәтижесінде, Арал өӊірініӊ ата кәсібі - балық шаруашылығы саласы жаӊа деӊгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автодәлізі мен Еуразиялық экономикалық одақтыӊ құрылуы біз үшін көрші мемлекеттермен байланыстар жасауға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беруде. Соныӊ айқын дәлелі - бүгінгі слетке қатысып отырған ресейлік кәсіпкерлерімізбен бірігіп салған Ресейдіӊ Ульяновск облысындағы "Димитровград балық өлкесі" балық өӊдеу зауыты. Зауытқа шикізат негізінен Арал теӊізінен жеткізіледі. Балықтыӊ сапасы жақсы, нарықтағы сұранысы да жоғары,- деп атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімініӊ айтуынша, бүгінде арал балығы Данияға, Польшаға, Ресейге, Грузияға және Изербайжанға экспортталады, ал Арал теӊізінен жылына 8 мыӊ тоннаға жуық балық ауланады.

Сондай-ақ слетке "Каттагеттен Арал теӊізіне дейін" жобасына қатысушылардыӊ бірі, "Тірі теӊіз" бірлестігініӊ зерттеуші-ихтиологы Ян Кристиан Грюйер Ларсен қатысты.

- Кезінде, судыӊ тұздануынан Арал теӊізінде жалғыз қалған камбала балығын аулауды даниялық Курт Кристенсен бастаған балықшылар үйретіп, "Каттегаттан - Аралға дейін" жобасын жүзеге асырды. Бірлесіп жасалған жұмыстыӊ нәтижесінде балықтыӊ 22 түрі қайта пайда болып, балық өндіру көлемі бірнеше есе өсті,- деді Қырымбек Көшербаев.

Слет барысында балық шаруашылығы саласыныӊ ардагерлері мен бірқатар жұмысшылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімініӊ медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, слет аясында бірақатар іс-шаралар ұйымдастырылды: "Қамыстыбас" балық питомнигіне экскурсия, өӊірдіӊ балық шаруашылығыныӊ тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерініӊ көрмесі, Арал бекіре балығын сырғалап суға жіберу, балық аулаудан жарыс, балық өнімдерінен ас әзірлеу және гала-концерт.

Анықтама: Балық шаруашылығы Қызылорда облысы экономикасыныӊ еӊ маӊызды салаларыныӊ біріне айналуда. Бүгінде сегіз балық өӊдеу зауытыныӊ үшеуі балық өнімдерін Европаға экспорттауға қажетті Еврокодтарға ие. Тек соӊғы 4 жылда аймақта балық өндіру көлемі 65%-ға, ал балық өнімдерініӊ экспорты -3 есеге өсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны