23.06.2014, 22:04 3192

Қызылорда облысында аудандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалымен бірлесіп Шиелі ауданында Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалымен бірлесіп Шиелі ауданында Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.

Осылайша, Кәсіпкерлер палатасы мен "Даму" Қоры бірлесе отырып аудандардағы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетпек, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың негізгі мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға және оны дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Салалық кеңесшілер мен сарапшылар мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау, бизнесті ашу мен оны дамыту жайында кеңес бере отырып, бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетеді, сондай-ақ "Бизнес-Кеңесші" жобасына тіркеу жүргізіп, несие пайызын субсидиялау мен кепілдік алуға мемлекет тарапынан беретін көмектерге құжат жинауға да жәрдемдесетін болады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының "Даму" қорымен бірігіп бар күш-жігерін бірінші кезекте өңдеу өнеркәсіп саласындағы шағын кәсіпорындарды құру әрі дамытуға, оның ішінде аграрлық өнімдерді қайта өңдеу саласына, ауыл халқы үшін қызметтердің басқа да түрлерін дамытуға аса мән бермек.

Нәтижесінде - тұрақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы, аудан тұрғындарының іскерлік белсенділігі мен жұмыс бастылығының өсімдері болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны