16.04.2014, 20:05 4340

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына қызмет көрсету бойынша Венгриялық орталық ашылады

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Венгрияның LAC Holding аймақта ауыл шаруашылығына қызмет көрсету бойынша орталық ашпақшы.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Венгрияның LAC Holding аймақта ауыл шаруашылығына қызмет көрсету бойынша орталық ашпақшы.

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының шақыртуымен Венгрияның "LAC Holding" холдингтің өкілі Хатвани Атилла Қызылорда облысына тазарту бойынша кешенді тұрғызу, кептіру және сақтау, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу,яғни сату және қызмет көрсету орталығын құру, сонымен қатар, оқыту өткізу сынды төрт бағыт бойынша венгриялық жүгері түрлерін өсіру мүмкіндіктерімен танысу мақсатында келді.

Аймақтық Палатадан хабарлағандай, келу барысында Венгриялық ауылшарушылығына қызмет көрсету орталығын ашу бойынша фермерлермен және бизнесмендермен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, жер қыртысының үлгілері алынды. Палата аймақтық климаттық жағдайы, адам ресурстары, экономикалық мүмкіндіктер және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алуға көмектесті.

"Біз Қызылорда облысын жобаны жүзеге асыруға тиімді аймақтардың бірі ретінде қарастырып отырмыз. Оның үстіне бізде өңірдің климаттық жағдайына орай селекциясы жүргізілген жүгері тұқымының сұрыбы бар. Сонымен қатар, біз жобаны жүзеге асыруға қатысатын кадрды оқуты мүмкіндіктерін қарастырып отырмыз. Яғни, оларға орта білімнен жоғары білімге дейін, тіпті докторлық қорғауға дейін жағдай жасалады" - деді LAC Holding президенті және Қазақстан Республикасының Венгриядағы құрметті консулы Л. Хорват.

Венгрия тараптың мәліметі бойынша, олар жақын арада аграрлық мамандар тобын жіберуге дайын. Олар жобаны жүзеге асыруға болатын жер телімін анықтап, отырғызу жұмыстарын жүргізуге кеңестерін береді және жобаға қатысты басқа да мәселелерді қарастыратын болады.

"Біздің облысымызда ауылшаруашылығына қызмет көрсету бойынша Венгриялық орталық ашу аймақтағы локомативті жобалардың бірі болады деп ойлаймыз. Палата жобаны барынша қолдап, оның жүзеге асырылуын қадағалайтын болады. Нәтижесінде өңірде заманауи технологиялар базасында жүгері өндірісін бір жолға қоямыз деп ойлаймыз. Сонымен қатар, жерді өңдеу бойынша заманауи технологияларды қабылдап, игереміз, мал шаруашылығы мен ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша алға ілгерілеушілік күтеміз. Бұдан басқа заманауи аграрлық техникалар жеткізіліп, жергілікті мамандарымыз оқытылып, жұмысқа орналастырылады деген үміттіміз", - деді аймақтық Кәсіпкерлер палатасының директоры Д. Абсаттаров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны