10.04.2014, 19:37 3301

Қызылорда облысында "Байқоңыр" III инвестициялық форумы өтеді

2014 жылдың 16-17 сәуірінде Қызылорда облысында (Қызылорда және Байқоңыр қалаларында) ІІІ "Байқоңыр" инвестициялық форумы өткізіледі.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың 16-17 сәуірінде Қызылорда облысында (Қызылорда және Байқоңыр қалаларында) ІІІ "Байқоңыр" инвестициялық форумы өткізіледі.

Форумның мақсаты-инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар тартуды ұлғайту,индустриалды, туристік және аграрлық салаларында шетелдік және отандық инвесторлардың аймақтың компанияларымен өзара тиімді әріптестік орнату, қаржылық инфрақұрылымын дамыту, бизнес - ахуалды жақсарту, деп әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлады.

Форумға қатысуға бизнес-қауымдастығы, түрлі салалық ассоциациялар мен бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттірінің дипломатиялық миссиялары, ірі халықаралық қаржы институттары мен компаниялардың өкілдері шақырылды.

Форум шеңберінде "Союз-У" ғарыш кемесінің ұшыруын тамашалау үшін "Байқоңыр" космодромында болу жоспарлануда. Сонымен қатар "Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері" тақырыбында көрме ұйымдастырылады.

Форум ұйымдастырушысы Қызылорда облысының әкiмдігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны