14.07.2017, 18:22 6207

Қызылорда облысында бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша оӊ өсім қамтамасыз етілді

Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ барлық көрсеткіштері бойынша, мұнай өндіру мен өндіріс көлемін есептемегенде оӊ қарқын қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыстық мәслихаттыӊ сессиясында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ барлық көрсеткіштері бойынша, мұнай өндіру мен өндіріс көлемін есептемегенде оӊ қарқын қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыстық мәслихаттыӊ сессиясында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

"Жалпы алғанда, жылдыӊ бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ барлық көрсеткіштері бойынша оӊ өсім қамтамасыз етілді. Мұнай өндіру көрсеткішін және сәйкесінше, өнеркәсіп өндірісініӊ көлемін қоспағанда. Бірақ, бұл жерде объективті себеп бар - мұнай өндіру көлемініӊ табиғи төмендеуі. Бұл - Өздеріӊізге белгілі. Өкінішке қарай, бұл көрсеткішке біз ешқандай әсер ете алмаймыз. 2017 жыл болжамы - 6,8 млн.тонна, 2016 жылға қарағанда 840 мыӊ тоннаға аз, ал, 4 жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,2 млн тоннаға төмендеген. Бұл, көршілес Ақтөбе облысыныӊ жылдық мұнай өндіру көлеміне сәйкес. Ағымдағы жыл басынан біз 450 мыӊ тоннаны ала алмадық. Жағдай мұнайдыӊ тұрақсыз, төмен бағасына қатысты күрделенуде",- деді облыс әкімі.

Икімніӊ айтуынша шығынныӊ көлемі мен мұнай саласыныӊ экономикаға ықпалын еліміздіӊ Ұлттық қорына түсетін түсімдерге қарап-ақ пайымдауға болады. 2013 жылдыӊ өзінде мемлекет қазынасына Қызылорда облысынан 500 млрд. теӊге аударылған болса, ал, биылғы жыл басынан бар болғаны - 58 млрд.теӊге.

Осыған байланысты аймақ басшылығы Үкіметтен жаӊа кен орындарын барлау құқығын беретін келісімшарттардыӊ мерзімдерін ұзарту, экспортқа шығарылатын мұнай көлемін арттыру мәселелерін тездетіп қарауды сұраған болатын. Сондай-ақ, өӊірдегі уран өндіру көлемін қысқартпау мәселесі де қойылды.

Айта кету керек, Қызылорда облысында мұнай қорыныӊ азаюына байланысты шикізатқа тәуелділіктен арылып, құрылыс көлемін арттыру және жаӊа өндіріс орындарын ашу мақсатында өӊір экономикасын әртараптандыруды көздейтін 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Аймақ өӊдеу өнеркәсібініӊ дамуы бойынша республикада алдыӊғы қатарда, бұл облыс экономикасындағы құрылымдық өзгерістер мен әртараптандырудыӊ қарқынын көрсетеді. Мұндай қарқынды даму инвестиция тарту, құрылыс, АӨК дамыту және әлеуметтік салада да бар.

Бүгін Қызылорда облысында облыстық мәслихаттыӊ ХІV сессиясы өтіп, онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтыӊ бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны