26.05.2017, 15:54 5052

Қызылорда облысында бүгінде 214 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

2020 жылға қарай күріш егісініӊ көлемін 5 мыӊ гектарға ұлғайтып, Иран Ислам Республикасына 8 мыӊ тонна өнім өткізу жоспарлануда. И

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Жолдауында экономикалық салаларға басымдық берілген. Ұлт Көшбасшысы да дамудыӊ басты қозғаушы күші ретінде аграрлық секторға баса назар аударып отыр.

Жолдау аясында ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатында нақты 6 тапсырма бергендігі мәлім. Аталған мақсат-міндеттерге өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Б.Жаханов кеӊінен баяндап берді.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, бүгінде облыс бойынша 214 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Жеке және қосалқы шаруашылықтардыӊ бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланған. Құрылған кооперативтерді қаржыландыру "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында биылғы жылы бөлінген 1765 млн. теӊге қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Қазірдіӊ өзінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ы Қызылорда филиалы арқылы 15 кооператив 933,5 млн. теӊге қаржыға 5649 бас МІҚ алуға қол жеткізді. Сондай-ақ, күріш жармасын сұранысы жоғары, қымбат нарықтарға шығару мақсатында "Ақтөбе и К" ЖШС арқылы Иранда Торем Хошеми сортын биыл 100 гектарға егіп, 60 тонна ақ күріш экспорттау, 2020 жылға қарай күріш егісініӊ көлемін 5 мыӊ гектарға ұлғайтып, Иран Ислам Республикасына 8 мыӊ тонна өнім өткізу жоспарлануда. Иран Ислам Республикасы Сыр өӊірінде өсірілетін күріштіӊ "Новатор" сортына қызығушылық танытып, "Сыр маржаны" ЖШС арқылы күрішті экспорттау мәселесіне байланысты жұмыстар да қатар жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыста бақша дақылын өндірістік негізінде егу көлемін ұлғайту арқылы, Ресейде сұранысы жоғары қауын сорттарын егіп, Сыр қауынын экспорттау шаралары жалғасуда. Осындай ілкімді жобалар ауылшаруашылығыныӊ өзге де салаларында көрініс табуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны