09.06.2017, 18:30 4899

Қызылорда облысында "Чек талап ет - жүлде ұтып ал" акциясыныӊ жүлдегерлері белгілі болды

2017 жылдыӊ мамыр айында облыс бойынша "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы 7858 чек жіберілген. Көп көлемді чек жолдаған белсенді қатысушылар ұтыс ойынына шақырылды.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде республикалық "Чек талап ет - жүлде ұтып ал" акциясыныӊ алғашқы ұтысы ойналды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаментініӊ баспасөз қызметі.

"Чек талап ет - жүлде ұтып ал" акциясы - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетініӊ ұйымдастыруымен және "Атамекен" ҰКП қолдауымен екінші жыл өткізілуде. 1 мамыр мен 30 қараша аралығына жарияланған республикалық акцияныӊ негізгі мақсаты: азаматтардыӊ белсенділігін және халықтыӊ салықтық мәдениетін көтеру; - бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту; көлеӊкелі экономиканыӊ көлемін қысқарту.

Бұл Акцияныӊ ерекшелігі - электрондық форматта "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі. Қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардыӊ барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға тұтынушылар сатып алған тауар үшін, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектіӊ фотосын жіберу арқылы Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

2017 жылдыӊ мамыр айында облыс бойынша "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы 7858 чек жіберілген. Көп көлемді чек жолдаған белсенді қатысушылар ұтыс ойынына шақырылды. Автоматтандырылған бағдарлама арқылы кездейсоқ таӊдау әдісімен үш жүлдегер анықталды. Биылғы жылғы акцияныӊ бірінші жүлдесі - шаӊсорғыш Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны Мөлдір Тұрсынбайға бұйырды, чек нөмірі 36453625889.

Екінші және үшінші орындарға шыққан чек (№№3522509; 3591897) иесі Жалағаш ауданыныӊ тұрғыны, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ қызметкері Абдраманов Бауыржан бағалы сыйлыққа ие болды. Жеӊімпаздар Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ Құрмет грамотасымен марапатталды, белсенді бірнеше қатысушыларға Алғыс хаттар мен гүл шоқтары тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны