28.04.2017, 18:34 5760

Қызылорда облысында электронды декларациялау жүйесініӊ пилотты нұсқасы қолданылуда

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде "Сапалы қызмет көрсету - жемқорлықты болдырмаудыӊ кепілі" деген тақырыппен жергілікті ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс тур өтті.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде "Сапалы қызмет көрсету - жемқорлықты болдырмаудыӊ кепілі" деген тақырыппен жергілікті ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс тур өтті.

Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері, олардыӊ сапасын көтеру мақсатындағы жаӊа талаптар туралы ақпарат беруге арналған пресс тур департаменттіӊ "Ақпараттарды қабылдау және өӊдеу орталығында" басталды. Департамент басшысыныӊ орынбасары Мұса Оспанұлы Қалдарбеков журналистерге мемлекеттік кірістер органдары қызметін көрсетудегі қызметтері үшін алғыс білдірді. Мұнан соӊ мемлекеттік қызмет көрсету басқарқармасыныӊ басшысы Шортанбаева Гүлжамал және бөлім басшысы Амангелдиев Нұрлыбек қызылордалық салық төлеушілерге көрсетіліп отырған қызметтердіӊ жетілдірілген деӊгейін сипаттап берді, терминал қызметімен таныстырды.

Департаменттіӊ екінші ғимаратындағы кездесу "Қызылорда-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінде жалғасты. Журналистерді департамент басшысыныӊ орынбасары Майхиев Или Қабиұлы қарсы алды. Кедендік бақылау амалдары және тауарларды кедендік тазартудан өткізу жүйесі туралы қысқаша таныстырған лауазымды тұлға журналистердіӊ сұрақтарына да жауап берді. Мұнан соӊ, кеден бекеті басшысыныӊ орынбасары Ердібаев Қайрат жаӊа жоба - электронды декларациялаудыӊ "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі туралы айтып берді. Бүкіләлемдік сауда ұйымыныӊ нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес, 90-нан астам елдерде белсенді қолданылатын ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған бұл жүйеніӊ пилоттық нұсқасыныӊ бірінші кезегі 2016 жылдыӊ шілде айында Астана қаласы бойынша МКД базасында іске қосылған болатын. 2017 жылдыӊ 15 ақпанынан бастап жоба Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде қолданылуда. "Электронды декларациялауға көшу кеден құнын бақылау және тауарларды сыныптау бойынша екпінді тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеӊге ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тауарлардыӊ шығару мерзімдерін қысқартуға септігін тигізеді",- дейді мамандар.

Департаменттіӊ Ішкі қауіпсіздік басқармасыныӊ бас маманы Абдыкамалов Мақсат сыбайлас жемқорлық әрекеттерініӊ алдын алу және болдырмау мақсатында іске асырылып жатқан шаралар туралы әӊгімелеп берді.

Қалыӊ тұтынушыға 50-ге жуық қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік кірістер органдары жұртшылық үшін де, бизнес үшін де қолайлы жағдай жасауды мақсат тұтады. Ашықтық пен мөлдірлік, жылдамдық пен сапалы қызмет - жаӊа бағдарламалар мен ережелерді енгізудіӊ түпкі нәтижесі осы болу керек.

Бақыт Орданова, Қызылорда орблысы бойынша МКД бас маманы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны