30.11.2017, 14:28 13228

Қызылорда облысында халық тұтынып отырған көгілдір отын бағасы 19 теӊге 94 тиынды құрайды

Келер жылға республикалық бюджеттен Сырдария ауданы, Тереӊөзек кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистральды газ құбырынан бұрма-газ құбырыныӊ құрылысын бастауға 2,1 млрд.теӊге бөліну жоспарлануда

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Бүгінде Қызылорда облысында халық тұтынып отырған көгілдір отын бағасы 19 теӊге 94 тиынды құрайды. Алдағы уақытта бағада өсім болмайды. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

Сонымен қатар, облыста газдандыру қарқынды жүруде. Биыл "Өӊірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн теӊге қаржы қарастырылып, жұмыстар басталған. Нысанды желтоқсан айыныӊ басында пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, "Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенініӊ сол жағалауында газ тарату желілерін салу" құрылысына 987 млн теӊге көлемінде қаржы бөлінді.

- Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны яғни Сексеуіл, Жосалы, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Тереӊөзек АГТС-ніӊ құрылысы және Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Тереӊөзек елдімекендерініӊ кварталішілік газ құбырларыныӊ құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 16,4 млрд теӊгеге министрлікке бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Келер жылға республикалық бюджеттен Сырдария ауданы, Тереӊөзек кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистральды газ құбырынан бұрма-газ құбырыныӊ құрылысын бастауға 2,1 млрд.теӊге бөліну жоспарлануда, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ерлан Жоламанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны